Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 5 из 33)

Нормалардың бәрі бірдей тиісті мінез-құлықтық үлгісін көрсете алмайды. Пайдаланылатын нормалар топтары ішінде құқық саласынан барлық, яғни оның жеке институттарының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін құрастыратын белгілі бір түсінік пайда болады (дефинициялар). Құқық теориясында олар нормативке тән емес, алдын ала белгіленбеген жарлық немесе арнайы нормалар. Қылмыстық-атқару құқығында арнайы нормалар - норма міндет, принциптер нормасы және норма - дефиниций (ұйғарым) түрінде іске асырылады.

Құқыққа тән емес жарлықтар жазаны атқару саласының саясаты мен қылмыстық-атқару заңдарының арасын байланыстыратын бөлім рөлін атқарады. Сондықтан норма-тапсырма мен норма принциптер мақсаты - нормаларында осы саладағы мемлекет қызметінің принциптері мен стратегиясы бекітіледі де, бұларға қылмыспен күресуді реттейтін құқық саласынын өзара байланыстары әсер етеді.

Құқық нормасын әр түрлі негіздермен жіктеуге болады. Қылмыстық-атқару құқығын материалдық және процессуалдық түрлерге жіктеуге болады. Материалдық құқық нормалары мінез-құлық ережелері манызын белгілейді, процессуалдық норма оның жағдайы мән тәртібін реттейді.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларын белгілейтін тәртіп ережесін өзіндік ерекшелігіне байланысты жеке-жеке түрге жіктеуге болады. Айтылған құқық нормаларының негіздері: а) реттеуші; ә) мадақтаушы; б) қорғаушы болып бөлінеді.

а) Реттеуші нормалар субъектілердің құқығы мен міндеттерін және басқа да қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатынасушыларды белгілейді. Құқық пен міндеттердің белгіленген түрінің тәуелділігіне байланысты олар өз кезеңінде міндеттеуші, уәкілеттілік етуші және тыйым салушы болып бөлінеді.

Міндеттеуші нормалар - субъектілерден белгілі бір қимыл істеуді талап етеді.

Уәкілеттілік етуші нормалар - субъектілерге заңмен белгіленген шеңберде, мінез-құлық түрін тандауды ұсынады.

Тыйым салушы нормалар - керісінше, субъектілерге тиісті бір әрекет етуді тоқтата тұруды талап етеді, оның себебі ол заңмен теріс деп бағаланғандық болып табылады. Заң нормасында тыйым салу жалпы да, нақтылы да түрде белгіленуі мүмкін.

Заң әдебиетінде құқықты реттеудегі тыйым салу нормасының екі тәсілі ерекшеленеді: рұқсат беру және ерік беру. Рұқсат беру - нормативтік жарлықпен тікелей көзделген рұксат. Ерік беру - тікелей тыйым салынбағанның бәріне ерік беру (мысалы, астанадан басқа жерде тұруға ерік берілген т. с. с).

ә) Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы шаралары сотталғандардың заң қабылдайтын мінез-құлкына жағдай жасауға бағытталған. Қылмыстық атқару құқығының мадақтаушы нормаларының айырмашылығы - ол тек құқық қатынасының жалғыз субъектісіне, мекемесіне немесе жазаны атқарушы басқа бір орган әкімшілігіне мақтауға құқық береді. Екінші субъект - сотталғандар қосымша лайықты мадақтауға құқық беруді талап ете алмайды, ол үшін еңбек сіңіруі тиіс. Әкімшілік мадақтауға шешім қабылдағанда сотталғандардың тәртібін жақсы деп сипаттайтын мағлұматтарды басшылыққа алады.

Құқық қолдану қызметінің жаза атқару кезеңінде әлеуметтік белсенділігіне дем беретін, қылмыс жасай беруден өз еркімен бас тартқаны т.с.с. үшін құқықтың басқа да салаларында мадақтау нормалары кең қолданылуы мүмкін.

б) қоргаушы нормалар - қылмыстық жазаны атқару (өткеру) процесінде пайда болатын құқық қатынастарын қорғауды қамтамасыз етуге шақыратын нормалар.

Қылмыстық-атқару заңдары жүйесінде ұйымдастыру-техникалық нормасын атап кетуге болады. Олар процессуалдыққа жақын болады, бірақ оның айырмашылығы - құқық қатынастарда қосымша құқықпен міндеттер қаралмайды. Мұндай нормалар негізінен ЕТМ ішкі тәртіп Ережесінде топталған. Мысалы, құрал-жабдыққа техникалық талап қою, сайман, бұйым тізімдерінін болуы т.с.с.

Қылмыстық-атқару нормаларын түрлерге бөлу тек қана оның жалпы теориялық маңызымен бірге, ол құқық қолдану қызметінде нақтылы талдауға да көмектеседі. Жаңа нормаларды құрастырғанда қай түрге жататынын, субъектілердің құқығы мен мазмұнын нақты белгілеуді және құқық қарым-қатынастарына қатысушыларды еске алу керек.

Қылмыстық-атқару нормалары - гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады.

Гипотеза арнайы шарттан тұрады, егер ол бар болса. бұл норма қолданылуы мүмкін. Әдетте ол заң тарауы аталуында айтылады.

Диспозиция нормасы - бұл мінез-құлық ережесі, мұнда субъектілерге құқық пен бұл құқық міндеттемелерін байланыстыру үлесін беру көрсетіледі. Ол құқық қатынастарына қатысушы жақтардың тиісті тәртібін, әдеттегідей заң баптары мазмұнын бейнелейді.

Санкция нормасы - бұл диспозицияда айтылған ережені бұзған кездегі негативтік салдар.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының ерекшелігі - олар негізінен императивтік (өкілетті) сипатта болады. Құқық нормаларының көбінде гипотеза болмайды, бірақ диспозишя барлық уақытта болады. Көптеген нормалар (гипотезамен санкция) нақты норма мәтінінің сыртында жатады.

4.Үкімнің занды күшіне енуімен және осы үкімнің атқарыла бастаған күнінен бастап мемлекетте, оның қылмыстық жазаны орындайтын тиісті мекемелері мен органдарының сотталғандарға құқық реттеу жиынтығын қолданатын, жазаға тән және түзеу шарасын қолданып әсер ету құқығы пайда болады. Сот-талған өз кезегінде құқық шектеуге көнуге міндетті және түзеу шарасын қолдануды басынан өткеруі тиіс. Сөйтіп қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады. Ол осы құқық саласы нормаларымен реттеледі.

Қылмыстық-атқару құқық нормалары нақты жазаны өтеу жағдайы мен тәртібін белгілей отырып, жазаны аткару (өткеру) жағдайында және процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды мемлекет мүддесінде реттеп, оған құқық қатынастарының маңызын береді.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары осы қоғамдық қатынастарды реттейтін қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлеріне қарай топтастырылады. Егер де әңгіме міндеттерді орындау, тікелей қоғамдық қатынастарда құқықты пайдалану және тыйым салуды бұзбауда болса, онда ол материалдық нор-малар болғаны. Олардың негізінде пайда болған құқықтық қатынастар материалдық, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болып аталады. Тәртіп туралы сөз болғанда, яғни шын мәнісіндегі қоғамдық қатынастарда әр жақтардың қатынасқанын құжатпен дайындағанда, онда оның процессуалдық нормалар болғаны. Олардың негізінде процессуалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады, олар материалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасының өмір сүру түрі болады. Басқаша айтқанда, еңбекпен түзеу құқығының процессуалдық нормалары осы сала құқығының материалдық нормаларын қозғалыска келтіреді.

Материалдық та, процессуалдық та қылмыстық-атқару құқық қатынастары реттеушілер және қоргаушылар болып бөлінеді. Жан-жақтың құқығы мен міндеттерін іске асырудың әдеттегі процесі жүріп жаткан кезінде, онда ол материалдық және процессуалдық құқық қатынастарын реттеу шеңберінде іске асырылады. Бұл құқықтық қатынастарда қылмыстық-атқару құқығы нормаларында қолданылған негізгі қорытынды сотталғандардың заңшылдық (занды бұлжытпай орындаушылық) сипаты қалыптасады.

Сотталғандар белгіленген міндеттерін орындамаған кезде немесе берілген құқығына қиянат жасағаны, сондай-ақ тыйым салынғандарды бұзғаны, оларға мемлекеттік күштеуді іске асыру түріндегі ескерту жазасы, бұлтартпау жазасы, құқықты жаза (тәртіптік пен материалдық) сотталғандардың жауапкершілігін іске асыруға байланыстылардың барлығы қылмыстық-атқару құқығы қорғаушылар нормасының іс-қимылына кіргізіледі. Соның негізінде пайда болатын қорғаушылдық (охранительные) қылмыстық-атқару құқық қатынастар сотталғандарды қолайсыз салдарға ұшыратады. Олар сотталғандардың заңсыз мінез-құлкынан бас тартуына, қылмыстык-атқару құқығы нормаларын бұзуға мүмкіндік беретін себеп пен жағдайларды бол-дырмауға бағытталған.