1987 ж. Еуропа кеңесі министрлер комитетінің қабылдаған Еуропадағы түрмелер туралы "Ережесі пенитенциарлы мекемелерінің сотталғандарға қатысы бар негізгі мақсатының бірі - олардың денсаулығын сақтау мен жеке басының адамгершілігін сезіндіру және жаза атқару мерзімі кезінде мүмкіндігіне қарай жауапкершілік сезімін ояту және бейімділігі мен дағдысын дамыту. Бұлар сотталғандардың босатылғаннан кейін өз бетімен өмір сүруіне және занды сақтауға мүмкіндік береді.
1985 ж. 6 қыркүйегіндегі Әділсоттың негізгі принциптері қылмыс құрбаны және билігін пайдаланып қиянат жасағандар туралы Декларацияға сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттерге мінез-құлық пен әдеп Кодекстерін, атап айтқанда мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ түзеу мекемелерінің құқық қорғау қызметкерлеріне халықаралық үлгілерді сақтауға көмектесуді ұсынады.
Адамның құқықтық жағдайын анықтай отырып, құқық шығармашылығы мен заңға, оның қорытындысы ретінде өмірде алдын ала пайда болатын тенденциялармен және құқық реттеудің қажеттілігімен мемлекет есептесуі тиіс. Құқықты4 орнату шындыққа негізделуі тиісті, қоғамның әлеуметтік-эко-номикалық және рухани дамуының зандылығы мен қажеттігін есепке алуы тиіс, ол тиісті мен мүмкіндіктің бірлігін сақтай білу деген ойдан туындайды. Дүние жүзі пенитенциарлық мекемелерінің көптеген проблемалары ұқсас: ол алдымен құқық бұзушыны қамауға алып күзет қоюдың мақсатына нақты жауаптың болмауы, қоғам жағынан пенитенциарлық мәселелерге түгелдей көңіл қойылмауы, қамауда отырғандарға халықаралық нормалардың сақталынбауы. Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ-ның толық құқықты мүшесі болды, сонымен өзінің халықаралық құқық принциптер негіздерінің жолын ұстайтындығын дәлелдеді.
Біздің елді дүние жүзінің 117-ден астам мемлекеті таныды, олардың 105-і мен елшілік қатынас орнатылды. 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасалды. Егеменді Қазақстан дүние жүзі қоғамдастығының толық құқықты мүшесі, оның ажырамас бөлегі бола отырып, сонымен бірге БҰҰ-ның халықаралық құқықтық құжаттарының орындалуын бақылауға, алдыменен адам құқын сақтауға, оның ішінде әділсот пен жаза атқару саласында өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан алдында жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қоғам өмірін демократизациялауда қым-қиғаш қиын жолдан өту кезегі тұр. БҰҰ-ның құқықты сот саласындағы халықаралық құқық құжаттарына қосылу және оны бекіту мемлекеттің қылмыс саясатын жасауда жақсы жол көрсеткіш болады.
Құқығы ең жиі бұзылатындардың бірі, ол тергеуде жүргендердің қорғану құқығы. Кейбір жағдайда тергеуде жүргендерге және ұсталғандарға ұсталған кезінен бастап адвокат қатысу құқын хабарламайды немесе адвокатты алмауға мәжбүр етеді. Адвокатты қорғалушыларымен кездесу үшін тек бір жолға ғана рұқсат беріледі, сондықтан олар тергеу изоляторындағы "клиентімен" кездесу үшін кезекте сағаттап тұруға мәжбүр болады. Қорғаушылардың тілегі жиі-жиі себепсіз қабылданбайды. Мұндай жағдай халықаралық үлгіге, жекелеп айтсақ, 1990 ж. тамызында БҰҰ қылмыстарды алдын ала ескерту туралы 8-конгресінде қабылданған адвокаттар рөлі жөніндегі негізгі ережелерге қайшы келеді. Онда үкіметтің құзыретті билікшілері әрбір адамға оның өз қалауымен қамауға алғанда, ұстағанда немесе түрмеге отырғызғанда, сондай-ақ қылмыс жасаған деп жауаптағанда адвокат көмегін алуды хабардар етіп, мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етуі тиіс. Ұсталуға ұшыраған, қамауға алынған адамдар адвокатпен жиі кездесуге мүмкіндік алуы керек, қайткенде де мерзім 48 сағаттан аспауы тиіс. Ұсталғанға, қамалғанға немесе түрмеге отырғызылғанға керекті жағдай жасалып және адвокатпен кездесу үшін уақыт белгіленіп, байланыс құралдарымен тоқтаусыз, кедергісіз, цензурасыз құпиясы толық қамтамасыз етілуі керек.
1990 ж. қыркүйекте Халықаралық заңгерлер конференциясында қабылданған (ХАЗ) ассоциациясы заң маманының тәуелсіздігі Үлгілеріне сай бас бостандығынан айрылған адамдардың ісін жүргізгенде адвокаттар тәуелсіздігін кепіл етуі керек, оларға еркін, әділетті және құпия (конфиденциальность) заң көмегін беруді, соның ішінде ол адамдарға бару құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Кепілдік етіп және сақтық шараларын қамтамасыз еткенде билікшілермен қандай да болмасын жасырын ымыраласу мүмкіндігін болдырмау, заңгерді олардан тәуелді болудан сақтау және заңгердің еркінен айырылғандар мүддесіне қызмет істеп жүргенін жасатпау қажет. Адвокат "клиентімен" қарым-қатынас жасаған уақытында оның құпия-лылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Оған қоса қарапайым және электронды жүйені, барлық адвокаттық іс жүргізуін және адвокат құжаттарын алу мен қарауды қорғау тиіс. Сонымен бірге электронды байланыс құралы мен хабарласу жүйесін пайдаланғанда кіріспеуді қамтамасыз ету керек.
Басқа да тергеуде жүргендердің құқығын сақтамаудың ең көшірілмейтіні - ол тергеу жүргізіп жатқан кезде, әсіресе жауап алу кезінде зандылық режимін бұзушылық. Қазақстанда қылмыстык-атқару жүйесін реформалау Алматыда өткен 1993 ж. "Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінін реформасы", 1995 ж. "Сот және пенитенциарлық жүйелерін реформалау кезіндегі адам құқығының Концепциясы" туралы халықаралық конференцияларда талқыланды. Пенитенциарлық жүйені реформалау үкімет бекіткен Қазақстан Республикасының 2005 ж. дейінгі қылмыстық-атқару жүйесінің даму Концепциясын жүзеге асыруды болжайды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінде БҰҰ-ның әділсот жүргізу және сотталғандармен айналысу саласындағы Халықаралық актілері өзінін лайықты орнын табуы керек. Құқықтық мемлекет құру мақсатын қойған Қазақстанда заңға негізделген ведомстволық актілерді салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезде құқық жүйесіндегі қайшылықты жеңіп шығу, ішкі біртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет. Кейбір жағдайларда заң сотталғандарға негізсіз тыйым салады да, олардың түгелдей жалпы азаматтық құқын қамтамасыз ете алмайды. Көптеген мәселелер ведомстволық актілермен реттеледі, ал олар кей кезде занды бұрмалайды. Нормалардың кейбіреуі халықаралық үлгіге сәйкес келмейді.
Бас бостандығынан айырылғандардың жазаны өтеу жағдайы сотталғандардың әр түрлі категориясына қарай жеткілікті дараланған. Түзеу амалы мен постпенитиенциарлы механизмдері құқық бұзушы адамға дұрыс емес бағытталған. Онда оның тиісті шамасын, жеке басының өзгешелігін адамгершілік дәрежесінін төмендегенін, істеген әрекетінің ауырлығын есепке алмайды. Қылмыстық жазаны атқарудын жаңа заңын қабылдау қажеттік себебі, оны біздің елдің өзіне алған халықаралық құқық міндеттемелеріне сәйкестендіруге байланысты. Құқықты мемлекеттің сипаты - ол азаматтардың өмір сүру кезінде құқы мен бас бостандығының кепілдігі және мызғымастығы, және азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілікті орнатуы мен қолдану принципі болып табылады.
2.Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару зандарына сәйкес сотталғандар тиісті мәртебеге ие бола алады, оның негізі субъективті құқық, заңды міндеттері және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген занды талаптарымен қоса қылмыстық-атқару зандары, сот үкімімен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі. Норманың мазмұнынан (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 8-бабы) сотталғандардың құқық жағдайын орнатумен бірге тікелей де, жанамалы да шектеулер байқалады. Мысалы, Заң нормасы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды Қарулы Күштерде қызмет ету, сайлау, сайланылу, мемлекет аумағында еркін жүру құқын тікелей шектейді. Тікелей шектеулер сот үкімінде қосымша жаза ретінде көрсетілуі мүмкін, яғни тиісті бір лауазымды орында жасау немесе белгілі қызметпен шұғылдану құқынан айыру, арнаулы немесе әскери лауазымнан айыру т.с.с. Тікелей шектеулер тұрақты қорғау мен бақылау орнату режим ережесін т.б. білдіреді.