Жанама - ол соттың да үкімі және жазаны атқару режимі. Сондықтан бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны атқару кезінде айрықша міндетіне байланысты, өне бойы тұйық кеңістікте тұрады, оны бұзғаны үшін тәртіп жауапкершілігіне тартылады. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексінде (ҚАК) Занда бірінші рет, қылмыс жазасын атқару, ондағы тәртібі мен жағдайын, сотталғандардың құқықтық жағдайын реттейтін жеке тарау берілген. Сонымен жазаны атқару заңдылығын, сотталғандардың занды талабы мен құқын қамтамасыз етуге көңіл бөлінген. Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясын адам мен азамат құқын жалпы танылған халықаралық принциптер мен нормаларды, соның ішінде қылмыстық жазаны өткеріп жатқандардан құқық айырмашылығына қарай сәйкестендіріліп анықтай түседі. Мемлекет сотталғандардың заңды талабы мен бостандық құқын құрметтеп, оны мойындап қана қоймайды және оларды жүзеге асыру мүмкіндігіне кепіл болады.
Субъективті құқық деп мемлекет кепіл болатын және құқық нормаларымен қамтамасыз етілген адамның белгілі бір кезеңдегі ісіне немесе тиісті игілікке ие болып пайдалануды айтамыз. Субъективтік деп аталу себебі: оның тек қалай пайдаланатыны субъектінің еркіне байланысты. "Бостандық" категориясы заңның "құқық" категориясына барабар. Заңды міндет - ол құқық нормаларымен алдын ала жазылып қойылған объективті қажеттілігі, құқық қатынас субъектісінің құқықты өкілеттік адам тілегіне лайықты сипаты. Зандылык міндет белсенді, жағымды әрекет жасауымен қатар, қандай да болмасын әрекеттен тартынуы да мүмкін. Заңды мүдде түсінігі дегеніміз - ол заңмен белгіленген құқық пен бостандықтың мазмұнын қамтымайтын, бірақ мемлекет жағынан қорғалуға тиісті және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажетті талабы.
Қылмыстық-атқару кодексі сотталғандардың негізгі міндеттерін былай белгілеген:
1.Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтік- құқықтық актілермен және үкіммен белгіленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға міндетті.
2.Сотталғандар өздеріне белгіленген мінез-құлық ережесін, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
3.Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Аталған міндеттер сотталғандарға жүктелген міндеттердің бір құрамдасы болып есептеледі. Негізгі міндеттер деп аталу себебі: олар жаза атқарып жатқандардың жаза түріне қарамастан барлығына таралады және сотталғандарға қойылатын маңызды талаптарын бекітеді. Сотталғандар міндеттерінің көпшілігі құқық нормаларында бекітіледі де жазаны өтеу тәртібін нақты түрде реттейді.
Сонымен қатар, әсіресе айта кетерлік жайт, ол сотталғандар жаза атқаратын мекемелер мен органдар әкімшілігінің кез келген талабын емес, тек зандыларын ғана орындауы тиіс. Яғни алдын ала зандарда негізделіп жазылған талаптар (Конституцияда, Қылмыстық-атқару кодексінде, заң күші бар Президент Жарлықтарында) және заңға негізделген нормативтік актілерде соның ішінде жазаны өткеру мен атқару тәртібіне байланысты; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкілдері; ІІМ бұйрықтары, нұсқаулары, ережелері, өкімдері; Қорғаныс министрлігі шығаратын сотталған әскери қызметкерлердің жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі жөніңдегі норматавтік актілер және т. б. Бұл анықтама сотталғандардың құқықтық жағдайын білу үшін маңызы зор, себебі: ол сотталғандарға талап етілетін заң өрісін шектейді. Сотталғандар жүктелген міндеттерін орындау үшін оларға әр түрлі заң салаларында белгіленген санкция қолдану мүмкіндігі кепіл бола алатындығы (мысалы, жаза қолдану шаралары ҚазССР ҚАК-нің 72-бабында көрсетілген), жарлық құқықтың қандай саласына жататынына және ол адамның орындамағанына немесе тәртіп бұзғанына байланысты болмақ. Сотталғандардың негізгі құқықтарына кіретіндер:
5) Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган береді.
6) Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтініштер жасауға, шағымдануға құқылы.
Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталғанындай ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтініш жасаған тілінде қайтарылады. Өтініш жасаған тілде жауап қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тілінде беріледі. Жауапты өтініш жасаған тілге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.
Сотталғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкілетті басқа адамдардың заң көмегін пайдалануға құқылы.
Сотталғандар әлеуметтік қамтамасыз етілуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуына құқығы бар.
Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің денсаулығын сақтау үшін қажетті материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыздандырылу құқығын пайдаланады.
Соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттік органдарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
8.Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметінен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқығы бар.
9.Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшылық қасиетін қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиіс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негізінен өзгеше қолдануға болмайды.
Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарының мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
Сотталғандардың құқықтарын іске асыру тәртібі Қылмыстық-атқару кодексімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы бекіткен мемлекетаралық шарттармен белгіленеді. Мұнда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі ережелерінде Халықаралық-құқықтық актілер мен үлгілердің жазаны атқару саласындағы және сотталғандармен айналысу кезіндегі жарлық-бұйрық пен ұсыныстарын жүзеге асырудың жалпы бағыты бейнеленіледі. Сотталғандардың құқығы көпшілік таныған халықаралық құқық принциптері мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына негізделгендіктен, оның ұлттық заңдардан артықшылығы сонда болып отыр.