Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 11 из 22)

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімімен келіспеген Конституциялық Кеңестің мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіруге хақылы, ол пікір осы өтінішті қарауға қатысты материалдарға қосып қойылады.

Жасырын дауыс беру және оның нәтижесін анықтау үшін Конституциялық Кеңес өз құрамынан есептеу комиссиясын сайлайды. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді есептеу комиссиясы өзі белгілеген нысанда әзірлейді.

Жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы есептеу комиссиясы хаттама жасап, оған комиссия мүшелері қол қояды және Кеңес оны Конституциялық Кеңестің материалдарын қарауға қатысып отырған мүшелер санының көпшілік даусымен бекітеді.

Қаралып отырған мәселенің мән-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімі қаулы түрінде қабылданады.

Конституциялық Кеңестің қаулысын төрағалық етуші Конституциялық Кеңес мүшелерінің және Кеңес отырысына қатысушылардың алдында жариялайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімінің мазмұны «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 37-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешім қабылдауы заңды және жеке тұлғалар үшін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1 және 2-тармақтарымен, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 39-бабымен көзделген заңды салдарға әкеп соқтырады.

Қорытынды шешімде оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататындығы көзделуі мүмкін.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Басқа шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес нақты өтініш бойынша қабылдаған құжатта белгілейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Кеңестің қаулысына толығымен немесе бір бөлігіне келіп түскен қарсылығы, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларсыз, қарсылық келіп түскен сәттен бастап бес күннен кешіктірілмей Конституциялық Кеңестің жабық отырысында қаралады.

Егер Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қаулыны жақтап дауыс берсе, онда қаулы расталды деп есептеледі. Сол өтініш бойынша шешімге Президент қарсылығы білдірілген өтінішті қарауға қатыспаған Кеңес мүшелері де дауыс беруге қатысуға хақылы, бұл орайда, өтініш материалдарымен танысып шығу үшін оларға екі күн берілуге тиіс.
Республика Президентінің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсерілмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданбады деп есептеледі және конституциялық іс жүргізу тоқтатылады [7 б.12 ].

Конституциялық заңның 35-бабымен көзделген жағдайларда Кеңес Төрағасы Кеңес мүшесіне осы мәселе бойынша үш күн ішінде ұсыныс дайындауды тапсырып, ол ұсыныс Конституциялық Кеңестің отырысында қаралады.

Қосымша шешім қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес Төрағасы Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындалуын іске асыру үшін өз өкімімен Конституциялық Кеңестің мүшесін және Конституциялық Кеңестің аталған шешімді қабылдау жөніндегі отырысы өткізілетін күнді белгілейді.

Қосымша шешім осы Регламенттің 21-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өтініші келіп түскен күннен бастап, ал Конституциялық заңның 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы тәртібімен Конституциялық Кеңестің өз бастамасымен қосымша шешім қабылданатын жағдайда, іс жүргізу қозғалған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.
Конституциялық Кеңестің қосымша шешім қабылдау жөніндегі отырысы осы Регламенттің 2-бөлімінде белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Қорытынды шешім қайта қаралған жағдайда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындалуын іске асыру үшін өз өкімімен Конституциялық Кеңестің мүшесін, сондай-ақ осы мәселе бойынша жаңа отырыстың өткізілетін күнін белгілейді, оны өткізу тәртібі осы Регламенттің 2-бөлімінде айқындалады.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері (қаулылары) қабылданғаннан кейін екі күн ішінде Конституцияның 72-бабымен көзделген субъектілерге немесе олардың өкілдеріне, сондай-ақ барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламенті Палаталарына, Жоғарғы Сотына, Бас прокурорына, Әділет министріне жіберіледі.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Басқа шешімдер қабылданғаннан кейін бес күннен кешіктірілмей тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберіледі және қажет болған жағдайда қазақ және орыс тілдерінде ресми басылымдарда жарияланады. Конституциялық Кеңестің қосымша шешімдері Конституциялық Кеңес белгілеген тәртіппен жан-жаққа жіберіліп, жарияланады.

Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін белгілейді. Шешімді орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде Конституциялық Кеңеске хабарлайды. Конституциялық Кеңестің шешімдеріндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар міндетті түрде қарап шығып, қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңеске міндетті түрде хабарлауға тиіс.

Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімнің орындалуын бақылау Кеңес отырысына материалдар дайындауды іске асырған Кеңес мүшесіне, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің аппаратына жүктеледі.
Конституциялық Кеңестің аппараты Конституциялық Кеңестің Төрағасына Кеңес шешімдерінің орындалуы туралы жартыжылдық және жылдық есеп береді.

Конституциялық Кеңестің отырысында:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне елдегі конституциялық

заңдылықтың жай-күйі туралы мәлімет беру;

2) Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын талқылау және бекіту;

3) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы»

Жарлықтың 14, 15-баптарына сәйкес, Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату;

4) Конституциялық Кеңестің Регламентін бекіту мәселелері қаралады.
Кеңестің отырысында оның Төрағасының бастамасы бойынша Конституциялық Кеңестің өзге де ұйымдық және қызметтік мәселелері қаралуы мүмкін.

Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы мәселені тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті (Төрағаға қатысты) және Конституциялық Кеңестің Төрағасы (Конституциялық Кеңестің мүшесіне қатысты) қозғайды, бұл туралы оларға жедел түрде хабарланып, осындай мәселенің қойылуына «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 14-баптарымен көзделген негіздер байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, бұл мәселе Конституциялық Кеңестің қарауына енгізіледі.

Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы мәселе, өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның қатысуымен, Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан құрамда қаралады. Ол адам дәлелсіз себептермен отырысқа келмей қалған жағдайда, мәселе оның қатысуынсыз қаралады. Мәселені қарау кезінде Конституциялық Кеңес қажетті құжаттарды тексеріп, аталған мәселелерді қарауға негіз болған жағдайлар туралы куәлерді тыңдайды.