Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 12 из 22)

Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтату Конституциялық заңның 15-бабына сәйкес іске асырылады.

Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауының жобасын Конституциялық Кеңестің мүшелері мен аппараттың тиісті бөлімдері дайындайды [18 б. 56].

Конституциялық Кеңес жолдауының жобасын дайындау үшін Кеңес Төрағасының өкімімен жұмыс тобы құрылуы мүмкін.
Жолдаудың жобасын дайындау барысында Конституциялық Кеңес тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды және өзге де ақпаратты талап етіп алуға хақылы.

Конституциялық Кеңестің жолдауы Кеңестің отырысында бекітіліп, оған Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері қол қояды және Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберіледі.

Конституциялық Кеңес Төрағасының шешімімен жолдаудың мәтіні өзге де мемлекеттік органдарға жіберілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат талап еткен жағдайда Кеңес Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Кеңес мүшесіне материалдар дайындауды тапсырады. Ақпарат жіберілерден бұрын Конституциялық Кеңестің отырысында талқыланып бекітіледі.

Регламент Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Регламентке өзгерістер мен толықтырулар жоғарыда аталған тәртіппен енгізіледі.

Аппарат өзінің міндеттері мен функционалдық уәзипаларына сәйкес өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Парламент Сенатының және Мәжілісінің Аппараттарымен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Жоғарғы Соттың Аппаратымен, Бас прокуратураның Аппаратымен, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімгершілігі жөніндегі комитетпен, жергілікті соттармен және өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайды.

Аппараттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны шегінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі – Төраға) бекітеді.

Аппараттың негізгі міндеттері құқықтық, консультативтік, ақпараттық-анықтамалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқару, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қосалқы міндеттерді шешу болып табылады.

Аппарат өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мыналарды іске асырады:

1) Төраға, Төрағаның орнын басушы адам және Аппарат басшысы қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;

2) конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік-құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға тиісті қорытынды дайындай отырып, құқықтық талдау жасау;

3) Конституциялық Кеңестің отырыстарына материалдар дайындау, материалдарды, мәжіліс баяндамаларын ресімдеу және жан-жаққа жөнелту;

4) кадр жұмысы;

5) Аппарат қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;

6) Төрағаның өкімі мен бұйрығының жобасын дайындау;

7) ақпараттық-талдау жұмысын қамтамасыз ету және ақпараттық-анықтама материалдар шығару, ғылыми зерттеулер жүргізу және конституциялық бақылауды жетілдіру жолдарын болжау;

8) Конституциялық Кеңесті құжаттандыру және оның құжаттарын басқару;

9) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету;

10) Конституциялық Кеңестің құрамын және Кеңес Аппаратының қызметкерлерін қаржылық, шаруашылық, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

11) өзге мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету;

12) заңнаманы сақтау, жүйелеу және кодификациялау;

13) мемлекеттік құпиялардың сақталуын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

14) мемлекеттік органдармен, азаматтармен және мекемелермен қызметтік хат-хабар алысу;

15) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарға, мекемелерге сұрау салу және заңнамамен белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар алу;

16) заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда бар қолжетімді ақпараттық деректер базасымен жұмыс істеу;

17) заңнамамен, Төрағаның өкімдерімен, бұйрықтарымен және осы Ережемен жүктелген өзге функциялар.

Конституциялық Кеңес аппаратының мынадай құрылымдық бөлімшелері бар:

1) құқықтық сараптау бөлімі;

2) талдау бөлімі

3) ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі;

4) қаржы бөлімі.

Аппаратта мынадай лауазымдар тізбесі белгіленеді:

1) Аппараттың басшысы;

2) бөлім меңгерушісі;

3) бөлім меңгерушісінің орынбасары;

4) Төрағаның кеңесшісі, көмекшісі;

5) сектор меңгерушісі;

6) бөлімнің бас консультанты;

7) бөлімнің бас сарапшысы;

8) бөлімнің референті.

Аппаратты мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын, Төраға қызметке тағайындап, қызметінен босататын Аппараттың Басшысы басқарады. Аппараттың Басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі немесе Төрағамен келісе отырып, Аппарат басшысы айқындайтын өзге тұлға атқарады.

Аппараттың Басшысы:

1) Аппараттың жұмысын ұйымдастырады, Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына жеке басымен жауап береді;

2) Конституциялық Кеңестің Аппараты туралы ережені Төрағаның бекітуіне ұсынады, Аппараттың құрылымы мен штат саны туралы ұсыныс енгізеді;

3) Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді;

4) Бөлім туралы ережені, Бөлімнің жұмыс жоспарларын, Төрағаның кеңесшісі мен көмекшісінен тыс, Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;

5) Төрағаның бұйрықтарының, өкімдерінің, жедел мәжілістерде қабылданған шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды;

6) Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

7) мемлекеттік органдармен, азаматтармен және мекемелермен қарым-қатынас жасағанда Аппараттың мүддесін білдіреді;

8) өз өкілеттігі шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап қайтарады

9) Аппаратқа жүктелген міндеттердің тиімді түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратып алдырады;

10) заңнамада Төраға тарапынан өзіне жүктелген өзге өкілеттіктерді іске асырады.

Құқықтық сараптау бөлімі:

1) конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік-құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық талдау жасайды;

2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына Негізгі Заңға сәйкестігі тұрғысында құқықтық сараптама жасайды, оның қорытындысы бойынша Төрағаның тапсырмасымен немесе бөлімнің бастамасымен іштей қолдану үшін ақпарат тәртібімен қорытынды дайындайды;

3) соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда Конституциялық Кеңестің мүддесін білдіреді;

4) Төрағаның атына ақпараттық анықтама дайындай отырып, Конституциялық Кеңес қаулыларының орындалуын тоқсан сайын бақылап отырады;

5) бөлімнің қорытындысын дайындай отырып, келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық талдау жасайды;

6) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан және өзге де мемлекеттік органдарынан ақпараттық материалдар сұратып алу негізінде Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жарты жылдық шолу жасайды және соның қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындайды;

7) ай сайын Төрағаны Парламенттегі заң шығармашылығы процесі туралы жазбаша түрде хабардар етеді;

8) Конституциялық Кеңестің Төрағасын, мүшелерін және Аппараттың басшысын өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдармен қамтамасыз етеді;