Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 13 из 22)

9) Конституциялық Кеңес жасасатын азаматтық-құқықтық шарттардың жобасын заңнамаға сәйкестігі тұрғысында тексереді;

10) “Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Жаршысының” мерзімді басылымдарын жариялауға дайындайды;

11) мерзімді баспасөзге жазылу, ғылыми, анықтамалық және өзге де әдебиеттер сатып алу арқылы Конституциялық Кеңестің ақпараттық қорын толықтыруды ұйымдастырады, Конституциялық Кеңестің мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне кітапхана қызметі көрсетілуін ұйымдастырады;

12) Конституциялық Кеңес Төрағасының, өтінішті қарау жөніндегі баяндамашылар – Кеңес мүшелерінің және Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша талдау материалдарын дайындайды;

13) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты іске асырады;

14) Төраға мен Аппарат басшысының құқықтық сипаттағы өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талдау бөлімі

1) Конституцияның әлеуетін жүзеге асырудың жай-күйі мен болашағына, Қазақстан Республикасында және шет елдерде конституциялық заңдылықтың сақталуы мен қамтамасыз етілуіне ғылыми зерттеулер мен талдау жүргізеді;

2) шет елдердің конституциялық бақылау органдарының тәжірибесін зерделеу негізінде, тиісті талдау материалдарын дайындауды іске асырады;

3) конституциялық бақылауды іске асыру механизмдерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Конституциялық Кеңес Төрағасының, өтінішті қарау жөніндегі баяндамашылар – Кеңес мүшелерінің және Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша талдау материалдарын дайындайды;

5) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты іске асырады;

6) Конституциялық Кеңес мүшелерінің құзыретіне жататын құжаттардың жобасын дайындайды және хат-хабар алысады;

7) Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметін қосалқы көмек көрсету, консультативтік және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;

8) Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі:

1) Конституциялық Кеңестің шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастырады;

2) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті ұйымдастырады, Конституциялық Кеңестің қызметі, қабылдаған шешімдері туралы баспасөз релиздерін шығарады, баспасөз конференцияларын, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелерімен интервьюлер, сондай-ақ олар дайындаған материалдардың жариялануын ұйымдастырады;

3) Конституциялық Кеңестің отырыстарын және өзге де іс-шараларын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, Конституциялық Кеңестің отырыстарын хаттамаға түсіруді, қабылданған шешімдерді көбейтіп, жан-жаққа жіберуді қамтамасыз етеді;

4) компьютерлік және ұйымдастыру техникасын орнатуды және оған сервистік қызмет көрсетуді, Конституциялық Кеңестің ресми web-сайтын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

5) Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшелерінің және Аппарат қызметкерлерінің шетел іссапарларына шығу құжаттары ресімделуін ұйымдастырады;

6) Конституциялық Кеңесті құжаттандыру және құжаттарын басқару мәселелерін іске асырады;

7) құжаттардың мәтіндерін басқа тілдерге аударуды қамтамасыз етеді;

8) Төраға қабылханасының жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық міндеттерді атқарады;

9) мемлекеттік сатып алу мәселелерімен айналысады;

10) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кадр жұмысын жүргізеді;

11) құпия іс жүргізумен айналысады;

12) орталықтандырылған электронды құжат айналымын жүргізуді іске асырады;

13) мұрағат жұмысын ұйымдастырады;

14) үй-жайды, жиһазды және ұйымдастыру-тұрмыстық техникасын ағымдағы жөндеуден өткізуді қамтамасыз етеді ;

15) Конституциялық Кеңестің тауар-материалдық құндылықтарының сатып алынуын, есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді;

16) шаруашылық қызметін іске асырады;

17) Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Қаржы бөлімі:

1) Конституциялық Кеңестің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын жасайды;

2) Қаржы министрлігіне бухгалтерлік есеп, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне келесі жылға бюджеттік өтінім береді;

3) бюджеттік қаржыны міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша ашылған лимиттерге сәйкес және олардың мақсатына қарай ұтымды және тиімді жұмсайды;

4) Конституциялық Кеңестің құрамы мен аппарат қызметкерлеріне жалақыны және заңнамада белгіленген өзге де төлемдерді есептеп, төлеп отырады;

5) Төрағаның қарауына қаржы мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) Аппараттың құрылымы мен штат саны жөніндегі құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысады;

7) Кеңестің қызметі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы салада белгіленген өзге де қаржылық өкілеттікті іске асырады;

8) Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен құқықтары

Бөлім меңгерушісі:

1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бақылайды, қызметкерлердің мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке басымен жауап береді;

2) Конституциялық Кеңес Төрағасының, Аппараттың басшысы мен мүшелерінің – қаралып жатқан өтініштер бойынша баяндамашылардың тапсырмаларын орындайды;

3) лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады;

4) өз құзыреті шегінде қызмет бабындағы құжаттарға бұрыштама соғады немесе қол қояды;

5) бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысына қатысады

6) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша қажетіне қарай жедел кеңестер өткізеді;

7) Аппараттың басшысына белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан жұмысқа қажетті ақпарат сұратып алу туралы ұсыныс енгізеді;

8) Аппараттың басшысына бөлімнің жұмыс жоспарының жобасын бекіту үшін береді;

9) Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Бөлім меңгерушіcінің орынбасары:

1) бөлім меңгерушісі болмаған кезде немесе өзінің лауазымдық міндеттерін атқара алмайтын кездерде оның орнын басады;

2) бөлімнің жұмыс жоспарының жобасын бөлім меңгерушісіне ұсынады;

3) лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады;

4) өз құзыреті шегінде қаралып жатқан мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысады;

5) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға бұрыштама соғады немесе қол қояды;

6) бөлім меңгерушісінен қызметкерлерге келіп түскен құжаттардың және өзге де тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.

7) Конституциялық Кеңес Төрағасының, Аппарат басшысының және бөлім меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Төрағаның көмекшісі:

1) Конституциялық Кеңес Төрағасының қызметін хаттамалық-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етеді;

2) Кеңес Төрағасының өзінің өкілдік міндеттерін іске асыруын қамтамасыз етеді;

3) Төрағаның өзге де тапсырмаларын орындайды.

Төрағаның кеңесшісі:

1) Төрағаны өзінің функциясын атқаруы үшін қажетті ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

2) Конституциялық Кеңес Төрағасының мақалалары мен сөйлеген сөздерін жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен байланысты жүзеге асырады;

3) Төрағаның өзге де тапсырмаларын орындайды.

Аппарат қызметкері:

1) өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді уақытылы және сапалы орындайды;

2) өз құзыретінің шегінде қаралып отырған мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысады;

3) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырады.