Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 14 из 22)

4) заңнамада белгіленген мемлекеттік тәртіпті, еңбек тәртібін және қызмет этикасы нормаларын сақтайды;

5) өздеріне жүктелген міндеттерді атқармағаны немесе тиісті түрде орындамағаны, өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте болуға байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады;

Тарау – 2. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

2.1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялык Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта кұрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.

Қазақстан Реслубликасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқынын да дәл бейнелеген. Онда Конституциялық Кеңестің мемлекетік орган peтiнде Республика Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Қазақ КСР-ның бірде-бір Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1993 жене 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже болған жоқ.-"Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы" Ереже бipiншi рет Президенттің жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды етілді. Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда конституциялық кұрылыстың белгіленгені, құқықтық мемлекет кұрғысы келетіндігі, мемлекеттің Конститутцияға бағынуға тиістігі идеясы көрініс тапқан. Mіhе осыған сүйене отырып, Конституциялық Кеңес Конститутцияның үстемдігі амтамасыз етуі тиіс. Бұл Конститутциялық Кеңестің өз қызметінде;

олардың бұлжымастығын, яғни, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру(сайлау және т.б.) кезінде жоғары мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз еtеtih конституциялық нормаларды;

мемлекеттік белгілі біp жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықты-pатын, т.б. конституциялық кағидапарды;

констнтуциляық идеяларды, принциптерді, мысалы әлеу-меттік мемлекет, қазақстандық патриотизм, т.б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.

Көрсетілген мән-жайларға opaй Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді.

Конституциялық Кеңес кызметінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Президенттің «Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығы болып табылады..

Осы екі акт Конституциялық. Кеңестің өкілеттілігін, кұрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін, конституциялық ic жүргізуді айкындайды. Өз кызмеінің аталған актілермен реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды. Конституциялыкқ Кеңес, оның iшiнде Төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойынша Конституциялық Кеңестің мүшесi болып табылады.Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент кызметтен босатады. Конституциялық Кеңестің мүшесін - Президент, екі мүшесін – Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайндап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі — 6 жыл.

Конституциялық Кеңес мушелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылыл отырады. Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар койылады:

олар Қазақстан Реслубликасының аэаматтары болуы тиіс;

жасы отыздан төмен болмауы керек;

Қазақстан аумағында тұруы тиіc;

жоғары заң білімі болуы тиіc;

заң маманлығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс

тәжірибесі болуы керек.

Конституциялық Кеңестің Tөрағасы мен мүшелері Парла­мент Палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында ант береді. Ант мәтіні; «Өзіме жүктелген Қазақсан Республиксы Конституциялық Кеңестің Төрағасы (мүшесі) міндетін адал атқаруға, әділ болуға және басқа ешкімге, еш нерсеге емес, Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемін».

Конституциядық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебеci Конституцияға, Президенттің "Конституциялық Кеңес туралы" Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктер мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Конституциялық Кеңестің белгілі бip шектеулуікке байланысты мүшелі Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық кызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшы органдардың немесе коммерциялық уйымдардың қадағалау кеңестерінің кұрамына кіруіне жол берілмейді. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратыны туралы жазылған.

Конституциялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшелігі мынадай сәттерінде көрінеді.

Өз міндеттерін орындау кезінде олар тәуелсіз және тек Конституцияға және Президенттің Конституииялық Кеңесі туралы Жарлығына ғана бағынады. Басқа актілердің ол үшінайтарлықтай міндеттілік күші болмайды.

Олардың қызметіне қайсыбір араласушылық, сондай-ақ қысым көрсету немесе өзгедей бip қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң бойынша жауаптылыққа тартылады.

Конституция Конституциялық Кеңестің немесе оның мүшелерінің қандаи да бip органның алдында есеп беретіндігін көздемейді.Конституциялық Кеңестің Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды оның eceбi болып табылмайлы. Конституциялық Кеңес Төрағасы және оның мүшелері конституциялық ic жургізу жөніндегі қызметі ушін ешкімге есеп бермейді. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығында олардың өкілеттілігін жүзеге асыру жөніндегі есебін талап етуге ешкімнің құқығы жоқтығы тура жазылған.

Қаралған мәселе бойынша шешім шығарғанша Консти­туциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкімнің ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ. Конституииялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім шығарылғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе акыл-кеңес беруге құқылы емес.

Конституциялық Кеңес мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыстырылмайды. Олардың өкілеттегі Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығымен көзделгеннен өзге жағдай-да ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла туруы мүмкін.

Конституциялық Кеңес мүшелерінің сотта немесе өзгеде құқыққа мұрагерлік органдарда корғаушылықты немесе өкілдікті жүзеге асыруына, қандай да болсын адамның құқықтары мен міндеттерінен босануына қорғаншылық көрсетуіне руқсат етілмейді. Әрине, олар басқа да азаматтар сияқты, мысалы, өз балалары, т.б. ушін заңды өкіл бола алады,

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммунитетін пайдаланады. Олар өз өкілеттігінің мерзімі ішінде түрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді, сот тәртібімен әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды, қылмыс немесе ауыр қылмыс үстінде ұсталғаннан өзге жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек алдын ала аныктау және тергеу жүргізуші республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алады. Мәселе мемлекеттік органның лауазымы жоғары адамы туралы болғандықтан Бас Прокурор icтi тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жузеге асырады. Қылмыстың жасалғаны туралы дәлелдемелер болган жағдайда Бас Прокурор Конституциялық Keңестің Төрағасын немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Конституциялық Кеңестің Төрағасына және оның мүшелеріне қатысты қылмыстық icтi тек Жоғаргы Сот жүргізеді.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері мәртебесінің тағы бip epeкшелігі мынада: ол тәртіптілік жауаптылыққа жатқызылмайды. Оның үстіне Конституциялық Кеңес мүшелерін оның отырыстарынан аластауға ешкімнің құқығы жоқ. Кон-ституциялық Кеңес мүшесшін өкілеттігі ол туралы Жарлыққа сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда, Төрағаның оны отырысқа қатыстырмауға құқығы бар.