Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 15 из 22)

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Конституциялық Кеңесте мәселелер қарау және ол бойынша шешімдер қабылдау кезінде тең құқылы жағдайда болады. Осы жалпы ережешнің, Төраға даусының шешуші дауыс болатын бip ғана қатаң тәртібі бар.

Заң Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата тұру жағдайы мен тоқтату жағдайын ажыратады.

Өкілетті тоқтата тұру жағдайын негізінен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа мынадай:

Конституциялық Кеңестің отырыстарына кем дегенде үш рет қатарынан дәлелсіз себеппен қатыспау;

денсаулыгына байланысты өз міндетін атқаруға ұзақ уақыт бойы кабілетсіз болу;

соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша хабарсыз жоқ болып кетуі танылған жағдайлары жатады. Мұндай жағдайларда Конституциялык Кеңестің өзі осы мүшені тағайындаған субъектіге ұсыныспен шығады.

Өкілеттігі тоқтатыла тұратын екінші топқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша:

тұтқындауға;

әкімшілік жауаптылыққа тартуға;

қылмыстық жауаптылыққа тартуға;

сотта медициналық сипатта күштеу шараларын қолдану туралы өтініш туcipyгe;

сотта Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерінің қабілетсіз немесе қабілетінің шектеулі екендігін тану туралы өтініш түсіруге келісім берілген жағдайлар жатады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқ­тата тұру ушін негіз белгілі болған кезден әpi кеткенде бip айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатыла тұрады. Егер аталған негіздер дәлелденсе, ол олардың өкілеттігінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.

Конституциялық Кеңес Төрагасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігі мынадай, егер:

орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;

Жоғарғы Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;

ол қайтыс болған жағдайда;

атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпаса;

антын бұзса, Конституцияның, Президентінің Конституция­лық Кеңес туралы Жарлығы талаптарын орындамаған, оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын өрескел теpic қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңеінің билігінде екі:

1) алдын ала;

2) келесідегі; конституциялық бақылау нысаны бap.

Алғашқы нысан конституциялық нормативтік құқықтық кесімнің оған Президент қол қойғанға дейін тексеруді көздейді.

Екіншісі ендігі әрекет ететін нормативтік кесімнің конституциялығын, сондай-ақ сайлау мен референдумдардың конституциялығын тексеруді білдіреді. Алдын ала конституциялық бақылау конституциялық емес заң қабылдаудың жолын кесуге мүмкіндік береді және сонысы арқылы заңнаманың тұрақтығына жәрдемдеседі деп дұрыс айтылады. Конституциялық бақылаудың осы нысанының кемістігі Парламенттің заң шығарушылық жұмысына килігу мүмкіндігі болып мойындалды. Келесі конституциялық бақылаудың жақсы бip қасиеті Конституциялық Кеңестің Парламенттің заң шығарушылық жұмысына килікпей-ақ, заңды соттардың және басқару органдарының қолдану практикасын есепке ала отырып, оның конституциялығын тексеруге мүмкінкіндігі бары болып табылады. Ал оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ушін маңызы зор [29 б.21].

Алдын ала конституциялық бақылау абстрактті ұғым болып табылады, себебі заңның конституциялығы қандай да бip нақты icкe қатыссыз қарастырылады. Келесі конституциялық ба­қылау нақты болып табылады. Екі жағдайда да конституция­лық бақылауға ынта болу құқығының субъектілері мемлекеттік органдар, депутаттар, мемлекеттік лауазымды тулғалар болып табылады.

Конституциялық бақылаудың превентивтік, сондай-ақ келесі нысанында да қақтығыс жағдай туындауы мүмкін

Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституция­лық Кеңестің Республика Президентінің, Парламент депутаттарын сайлауды жургізу мен республикалық референдум жургізудің дурыстығы туралы дауларды қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқа өкілеттіктерінде Конституциялық Кенестің аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны тура­лы идеялар тікелей немесе жанама орын алады. Конституциялық Кеңес қорғайтын осы шеңберге Конституция көздеген құқықтар мен бостандықтар кіре ме, әлде заңдар азаматтарға берген барлық құқықтар мен бостандықтар кіре ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа тек бip жауап бар. Алғашқы төрт өкілеттік конституциялық құқықтарытары мен бостандықтарды қорғауды көздейді ол жайында Конституцияның өзінде айтылады.

Конституциялық Кеңестің сайлауды немесе референдумы өткізудің дұрыстығы туралы дауларды қарастырғанын сайлау процесін бақылау деп санауға бола ма? Ол ондай болып табылмайды.Ол заңдық хұкім өкілеттіктерін атқарады, өйткені сайлау npoцесі субъектілерінің шағымдары жөніндегі дауларды шешеді. Әдебиетте конституциялық әділ сот органы сяйлау жөніндегі шешкен кезде. сөз ең алдымен субъективтік құқықтық емес, обьективтік сайлау құқығын қорғау туралы болатыны аталады.-

Іс жүзінде өткізілген Парламентке сайлаудың жарамсыздығы туралы дауды қарастыру кезінде сөз тек сайлау заңнамасын бұзу туралы ғана емес, сонымен қатар Парламенттің заңды құрамын қамтамасыз ету қажетті, Президенттің легитимділігі қамтамасыз ету қажеттігi туралы жүреді. Ал заңды қабылдау жөнінде референдум өткізген кезде Конституциялық Кеңес халықтың шын еркін анықтауды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Әрине, талқылау кезінде Конституциялық Кеңес азаматтардың субъективтік құқықтарын да тікелей, сондай-ақ жанама түрде қорғайды.

Конституциялық Кеңестің қарауына жатқызылған мәселелердің сипатына орай, осы органның кұзыреті өкілеттіктердің төрт тобынан турады.

Даулы мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктер бірінші топқа жатады. Конституциялық Кеңес:

1) Республика Президенті сайлауын;

2) Парламент депутаттары сайлауын;

3) республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы даулы мәселелерді шешеді

Қазақстан Республикасы Конституциясында даулы мәселені шешу жөнінде өтінішпен Конституция лық Кеңеске жүгінуге құқылы субьектілер көрсетілген. Олардың қатарына Қазақстан Реслубликасының Президенті, Сенаттың Төрағасы,Мәжілістің Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенда бестен бір бөлігі Премьер-Мннистр жатады. Конституциялық Кеңес атаман шараларды өткізу кезінде Конституцияның, сайлау жөніндегі және өзге де заңдардың бұзылған, бұзылмағандығы туралы мәселені қарайды. Егер жиналған материалдар заңның бұзылғандығына көз жеткізсе,онда Конституциялык Кеңес сайлауды және референдумды заңсыз деп таниды.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің екінші тобына:

I) Президент қол қойғанға дейінгі заңдарды

2)Конституцияға сәйкестігін Парламент бекіткенге дейінгі халықаралық шарттарды қарауға қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің үшінші тобына:

1) Кон­ституция нормаларын ресми түсіндіруге;

2) Республика Пре­зидентін қызметіненмерзімнен бұрын босату туралы Парла­мент шешімі шыққанға дейін Презилентті қызметінен кeтipy туралы түпкілікті шешім - белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы қорытынды беруге қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің төртінші тобына:

егер сот қолданылуға жататын нормативтік-құқықтық акт
адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп шешсе, актінің Конституцияға сейкес келмейтіндігін тану туралы сот жүгінісін қарауға; конституциялық ic жургізу тәжірибесін қорыту нетижесі бойынша конституциялық заңдылықтың республикалық жай-күйі туралы Президент жолдауының жіберілуіне байланысты өкілеттіктер жатады.

Бірінші мәселе бойынша Конституциялық Кеңестің шешімі шығарылады. Ал жолдау конституциялық заңдылықты нығайту жөніндегі нұсқау мазмұндау болуы мүмкін. Аталған өкілеттік конституциялық өкілеттік деп есептеледі.