Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 17 из 22)

Егер Конституциялық Кеңес басқа сипаттағы нормативтік қаулы қабылдайтын болса, онда оның маңызы заңға сейкес нормативтік актінің маңызын-дай болады. Конституциялық Кеңестің конституциялық неме­се жай заңдылық нормативтік құқықтық актілер қабылдауға Конституцияның құқықтық мүмкіндік бермегендігі осындай тұжырымдық негізі болып табылады.

Қорытынды шешімнің тағы бip нысаны - Конституциялық Кеңестің нормативтік сипатта болмайтын қорытындысы. Конституциялық Кеңес конституциялық өкілеттіктің барлық мәселелері Президент, Парламент депутаттары сайлауларының, республикалық референлумның дұрыстығы, Конституциялық заңдылық. халықаралық шарттарының Конституцияға сәйкестігі, Президентті орнынан кетіру туралы шешім бойынша қорытынды қабылдайды.

Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімнің маңызды нысаны елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі турады Парламентке жолдауы болып табылады. Жолдауда талдау, сондай-ақ конституциялық заңдылықты нығайту жөнінде ұсыныс болуы мүмкін.

Конституциялық Keңec шешімді алғаш түрле шығарады. Отырысқа қатысқан мүшелердіғ6ipae-бipде-бірінің дауыс бермеуге немесе қалыс калуға құқығы жоқ. шешім көпшілік дауыспен қабылданады.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімді қабылдауының белгілі бip құқықтық салдары болуы мумкін.

Егер заңдар Конституцияға сәйкес келмейді деп танылса, оған Президент қол коймайды, Егер Конститупиялық Кеңес заң Конституцияға сәйкес келеді деп шешсе. Президент заңға қолқояды.

Егер халықаралық шарт Конституцияға сәйкес келмейді деп тапса, онда Парламент оны бекітпейді. Конституциялық Кеңес оң бағаланса Парламент шартты бекіте;ді.

Егер Конституциялық Кеңес заң, өзге де нормативтік актілер адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұксан келтіреді, сондықтан ол Конституцияға сәй келмеиді деп шешсе, онда мұндай заңдар мен нормативтік актілер заңдық күшін жоғалтады және қолдануға жатпайды. Егер соттар және өзге құқық қорғау органдары осындай заңлардың негізінде шешім қабылдаса, онда ол шешімдер орындауға жатпаайды.

Конституциялық Кеңестің Президент сайлауы Конституцияға сәйкес келмейді деуге құқығы бар. Мұндай кезде Орталық сайлау комиссиясы өз шешімі мен тиісті сайлау учаскелерімен сайлауды заңсыз деп таниды. Егер Президент сайлауы заңсыз деп таниды.

Егер Конституцияға cәйкec келеді деп тапса, онда сайланған Президент тіркеледі.

Егер Сенат және Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституциялык Кеңес Конституцияға сәйкес келмейді деп тапса, онда ОСК-ның шешімімен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер мен сайлау округтеріндегі сайлаулар заңсыз болып танылады. Парламентің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауы Конституцияға сейкес келсе сайланған депутаттар тіркеледі.

Республикалық референдум нәтижелері Конституиияға сәйкес келмейді деп танылуы мүмкін. Мұндай кезде OCК тиісті учаскелердегі сайлауды заңсыз деп шешеді.

Егер Конституциялық Кеңес Парламет Преэидентті қызметінен босату немесе оны кызметінен кетіруipy туралы мәселені қараған кезде шешім қабылдардың алдында консти­туциялық pәсімдерді бұзса, онда ол Президентті мезгілінен бұрын қызметінен босату немесе қызметінен кетіру туралы мәселені қарауды тақтатуға әкеліп соқтырады. Конституциялық Кеңестің белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы қорытындысы мезгілінен бұрын қызметінен босату не­месе қызметінен кетіру туралы мәселені қарауды жалғастыруға жол ашалы.

Конституциялық Кеңестің қателеспейтіндігі ғана емес, сонымен бipгe оның айқын нысандамалы шешім шығаратынына да кепілдік жоқ. Осыны ескере отырып, Конституциялық Кеңестің Регламент) конституциялық icтi жүргізуге қатысушыларға, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға Конституциялық Кеңестің шешімін тусіндіру туралы,оның шеншімінде жіберілген дәлсіздіктер мен редакциялык сипаттағы кемшіліктерді түзету туралы өтініш тусірулеріне құқық берген.

Егер Конституциялық Кеңес, дәлелдерін ceнімді деп тапса, онда қосымша шешім қабылдайды. Қосымша шешім Конституциялық Кеңес жеке бастамасымен де қабылдай алады .Косымша шешімді мазмұнына, мәні мен мақсаты жағынан Конституциялық Кеңестің алғашқы шешіміне ic жүзінде қайшы келмеуі тиіс.Консгатуциялық Кеңес өз бастмасымем аз шешімін қайта қарай алады. Регламент Конституциялық Кеңес өз шешімін өзбастамасымен қайта қарауының екі негізін қарастырған. Ол мынадай жағдайда 1)егер соның негізінде шешім қабылданған Конституция нормасы өзгерсе; 2) егер Конституциялық Кеңес шешім қабылдаған кезде болған мән-жайды қарауға елеулі жаңа өтініштер түссе қайта қарайды. Қайта қараған жағдайда алғашқы шешім кері қайтарылып алынады.

Өткен 2008 жыл Қазақстанның конституциялық дамуы, саяси жүйені жетілдіру және елдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту үшін айтулы жыл болды. Жүргізілген конституциялық реформалар нәтижесінде саяси партиялардың ролі арттырылды, Парламенттің өкілеттігі кеңейтілді, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына жол ашылды, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының байланысы күшейді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың соттық және өзге де механизмдерін жетілдіруге жағдай жасалды. Бұл орайда, Республика Президенті тарапынан қазіргі кезеңде қойылып отырған басты міндет – конституциялық новеллаларды құқықтық заңдастыру және елдің бүкіл заңнамалық базасын жаңартылған Негізгі Заңға сәйкестендіру болып табылады.

Осы мақсатта Конституциялық Кеңес өз бастамасымен конституциялық іс жүргізу қозғады және 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 нормативтік қаулымен, Негізгі Заңның бұрын қолданылып келген нормаларына негізделген өзінің бірқатар қорытынды шешімдерін қайта қарады. Конституциялық Кеңестің күші жойылған қаулыларында Президент сайланатын мерзімді өзгертуге, Парламенттің өкілеттігіне, оның депутаттарының саны мен оларды сайлау тәртібіне, кейбір мемлекеттік органдарды құру рәсіміне, сот қызметіне және құқық қорғау жүйесіне, жергілікті мемлекеттік басқаруға және өзін-өзі басқаруға, сондай-ақ тұтқындауды және қамауда ұстауды санкциялауға қатысты құқықтық позициялар болатын.

2008 жылғы 7 ақпандағы № 1 нормативтік қаулымен Конституциялық Кеңес, Қазақстандағы аралық соттардың қызметі және олардың шешімдерін орындау тәртібінің мәселелері жөніндегі 2002 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулыны, сондай-ақ осы қаулының негізінде қабылданған 2002 жылғы 12 сәуірдегі № 1/2 қосымша қаулыны қайта қарап, толық көлемінде күштерін жойды. Бұл аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төреліктің қызметін реттейтін ұлттық заңнаманы жетілдіруге, шаруашылық дауларын соттан алдын реттеу мүмкіншіліктерін кеңейтуге және баламалы сот төрелігі институттары негізінде кәсіби судьялардың жұмысбастылық проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Конституциялық Кеңес барлығы болып 13 нормативтік қаулыны өз бастамасымен қайта қарап, толық көлемінде, 5 қаулының – ішінара күшін жойды. Бұл ретте, конституциялық жаңалықтарға сәйкес келмейтін жекелеген ережелерін алып тастағанда Конституция нормаларын түсіндірудің ішкі қисыны мен өзара байланысы, мазмұндылығы мен мағынасы жоғалмаған қаулылар ішінара қайта қаралып, күші жойылды. Шығарылған шешімдерді орындаудың тәртібін айқындай отырып Конституциялық Кеңес, қаулыларды қайта қарау конституциялық емес деп танылған заңдарға Республика Президенті қол қоюы немесе оларға заңдық күш қайтарылуы мүмкін екендігіне әкеп соқтырмайды. Мұндай заңдар Конституцияда және заңнамалық актілерде көзделген рәсімдердің бәрін сақтай отырып қана қайта қабылдануы мүмкін, деп атап көрсетті.

Конституциялық Кеңестің қайта қаралған қаулыларының бәрі осыдан бұрын Негізгі Заңның күші жойылған немесе өзгертілген нормалары негізінде қабылданған болатын. Бұл қаулыларда болған құқықтық позициялар қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастауды, Парламенттің өкілеттігін, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін, Үкіметті және өзге де мемлекеттік органдарды құру тәртібін өзгертуді көздейтін конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтін. Конституциялық Кеңестің өз актілерін қайта қарауға бағытталған шешімдері мемлекеттік институттардың мән-мағынасын, мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларының мақсатын, сондай-ақ оның азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекеттесуі принциптерін тұжырымдамалы түрде жаңаша байыптауға жол ашады, олар, қажет болғанда, конституциялық реформа нәтижелерін ескере отырып қайтадан түсіндірілуі мүмкін [45 б.28 ].