Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 5 из 22)

Аулақ. Қазақстан ілемдік өркениет жетістіктеріне, соның ішінде конституциялық құқық саласында да игілікке қол жеткізе бастады.

1.3. Конституциялық-құқықтық нормалар

Оны: 1) басқа кұқықтык нормалармен ұксастығы кандай; 2) құқықтын басқа салаларының құықтық нормаларынан конституциялық құқықтык нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырылған жөн. Конституииялық құқықтық нормаларға құқықтық нормаларға барлық белгілері тән [10 б.47[ . Оларды мемлекеттік органдар кабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар баска да заң нормалары сиякты, екі:реттеушілік жене қорғаушылық қызметті атқарады. реттеуші нор­маларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру жене оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белғілі бip нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әcipесе, Конституцияның азаматтын құқығы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді.Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпі бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолы­мен анықтайтын конститупиялык-құқықтық нормалар жатады. Мұндай кстституцияпық-құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық қоргау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардын мәні мейлінше зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаушы, саяси тұрақтылығы сактауда үлкен рөл атқарарадыы. Құқық қорғаушы нормаларға президенттжің импичменті ту­ралы, үкіметке, жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралыы конституцпялык ережелер жатады.

Конституциялык қүқықтын нормаларын тусіну үшін конституциялық pеттеушіi нормалары өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудін айтарлыктай мәні бар.

Өкілеттік беруші конституциялық құқыктық нормалар субъективік құқыкты жағымды мазмұнда белгілейді. басқаша айтканда, субъектіге (мемлекеттік органга, коғамдық бірлестікке, азаматгарға) кандай да бip жағымды әрекет жасауға кұкық

береді. Осындай құқык беруші нормалар көп мөлшерде аматтарға беріледі Бұлар - азаматтардың саяси, экономнкалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар.Құқық, беруші нормаларға. Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.

Конституциялык заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардын белгілі бip қасиеттегі арекеттерінене ұстанымдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық,Конституцияқ негізді саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы курамалар уйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттік конституциялык негздерін, заңдылық пен құқыктық тәртіпті қорғауды көздейді Бул туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптын 3-тармағында: «Мақсаты немсе ic-әpекеті Республиканың констятуииялық кұрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұксан келтіруге,оның тұтастығын бұзуға,мемлекеттік қаіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік,нәсіліне,ұлтық, діни, тектік - топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құрылуға және олардың қызметіне, сондайақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамдар құруға тыйым салынады» делінген.

Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғам­дық бірлестіктердің , мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жаупкеркіршілігін белгілейді.. Конститу­ция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. сондай – ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.

Конституциялық-құқықтық нормалар, ерекше қоғамдық қатынастарды зерттейді.

1. Конституциялық-құқықы нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конститутциялық құрылыс негіздерін нығайтумен , мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді.

2. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар.Басқа құқықтық нормалар Конститутцияға қайшы келмеуі тиіс.Барлық басқа нормативтік актілер Конститутциялық негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына кайшы келетін құқықтық актілердін күші жойылуы тиіс.

Конституциялық нормаларды корғау құқы Конституциялық Кеңеске жене Прокуратураға берілген.

3. Материалдық және іс-жүргізушілік конституциялық –құқықтық нормалар ерекшеленеді.Қылмыстық,азаматтық , әкімшілік құқықтан айырмашылығы конституциялық құқықықтың конституциялық нормаларды жүзеге асырудың жалпы бір жақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс-жүргізуші саласы жоқ. Алайда, бұл констнтуциялық құқықта іс-жургізетін нормалар жок деген сөз емес. Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік ic-жүргізу нормалары бар. айталық , Парламенттің зандар қабылауының белгілі бір тәртібі , Президент импичментінің Парламентке депутаттар сайлауын өткізу тәртібі және басқалары конституциялық нормалармен белгіленген.

Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік –құқықтық институтка ие. Құқықтық норма — құқықтық әлемнің тілі. Ал құқықтық институт құқықтық жалпылыкты, яғни, өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жмынтығын білдіреді. Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын сырттай емес, Құқықтық институттар арқылы құрады. Конституциялық құқықтың конституииялық институттары конституциалық-құқыктық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бip учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді.Құқықтық институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтық реттеудің тұйықталмаган тетігімен,конституциялық құқықтың басқа да құқықтық институттарымен байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.

Конституцциялық құқықтың құқықтық институттары қоғамдық қатынастардың ірі немесе шағын тобын реттей алады.

Алайда ,бұған қарап , олардың мәнілігін жогары немесе төмен деп бағалауға болмайды. Әр құқықтық институт өз учаскесінде құқықтық қатынастарды тиімді peттeyi тиіс. Бұл үшін құқыкқтық институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын құқықтық нормалар кешенін толық меңгеруі қажет. Әрине, ол бір-ақ рет қайталанатын ic емес. Реттеу пәні — қоғамдық қатынас — жанды, серпінді құбылыс. Осыған орай, оның жағдайын назардан шығармай, тисінше құқықтық институтты жетілдіріп отыру керек.

Әр конституциялық-құқықтық институт тек қоғамдық қатынастардың белгілі бip учаскеін ғана реттемейі. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар, терминдер, қагидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат» «азаматтық», «азаматтық алу» «азаматтықты жогалту», «азаматтықтан шығу», «азаматтын құқы, бостандығы жене жауапкершілігі» тағы бас­қа осындай ұғымдардан көрінеді.

Жалпы айтқанда, конституциялық-құқықтық институттың, кез келген басқа құқықтықтық иниституттың сияқты, өз құрылымы бар. Бұл құрылымды құрайтындар әр қилы зандық мазмұнымен сипатталады. Мұндай әр қилылық қогамдык қатынастардың тиісті бөлігін реттеуді қамтамасыз етеді.Бүкіл әр қилылығына қарамастан құқыктық институттың нормалары ортақ құқыктық принціптермен идеялармен бірлестірілген. Айталық, қабыллау негіздеріне қарамастан азаматтық институты азаматтардың бірлігі мен тендігі принціпімен бірлестіріледі. Құқық институ­ты кей кездері жекелеген нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі. Арнаулы заң қабылданған сол азаматтық институтын-ақ алалық. Бұл азаматтық қатынастарды реттейтін барлық құқықтық нормалар осы заңның ішінде деген сөз емес. Аза­маттық туралы негіз боларлық нормалар өзіндік қырымен Казакстан Республикасының Конституциясында жазылған.