Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 6 из 22)

1.4. Конституциялық-құқықтық принциптері

Құқықтық принциптер — тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған, бірақ мемлекеттік, оның органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың кызметін ұйымдастырудың белплі бip бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық принціп­тер — Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын нормативтік идеяалар.

Сондықтан олардың мемлекет үшін,азаматтар үшін айрықша маңызы зор,Конституциялық принціптер қандай болса, конституциялық құрылыс та сондай немесе керсінше.

Конституциялық принціптер,түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезенде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, экономикалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы факторларлы: әлем таныған халықаралық құқық нормаларында назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика Конституциясында Қазақстан халықаралық құқық принціптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы иормаларын талдау көрсеткендей, конституциялық принціптерді айтылу нысандарына карай екі топ­қа: 1) Конституция айкындалған; 2) айқындалмаған консти-гуциялық қағилаларлы талдау аясына рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандара республика кызметіне негіз болатындай прнціптер (1-баптын 2-тармағы), мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу принціпі (77-баптын 3-тармағы) жатады.

Бұл принціптердің Қазақстан Республикасы Конституциясында көрінуінің себебі бар ма? Бұл сұраққа осы принциптердін қолданылу аясы белгілі бip деңгейде түсінік береді. Pecпублика кызметі негіз боларлық принциптер бүкіл мемлекетке, оның бүкіл тетігіне, тұтастай алғанда қоғамға. азаматтардын бірлестіктеріне ыкпал eтyi тиіс. Басқаша айтқанда,аталган барлық субъектігер өз кызметіне нақ осы принциптерді негіз етіп алулары керек.Аталған принциптерді азамат, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы бар. Сондықтан олардың конституцияда айқын көрсетілуі рөл мен беделінің көрсетілуіне игі ықпал ете алады.

Конституция Қазақстан Республикасының қызметіне негіз боларлық принциптерді орнықтырады. Приниптерді қарастырмастан бұрын. "республика" ұғымының аталған тіркесте нені білдіретінін анықтап алу керек. Конституияның кіріспесінде айтылғандай, Конституция мемлекеттің де, қоғамның да ең негізгі заңы болып табылады. Көптеген конституциялық нормалараын мазмұны мен мәні де оларлың қоғам өмірінің аса маңызды қырлары мен салаларын реттеуге арналғандығын көрсетеді. Нақ осы себептерге opaй "Қазакстан Республикасы" аталған жағдайда мемлекет,оның органдары сияқты қоғам,оның институттары ұғымында білдіреді.Тейсінше Қазақстан Республикасы қызметіне негіз боларлық принциптер туралы констнтуциялық ереже Қазақстан мемлекетіне, оның органдарына және Қазақстан қоғамына, оның қоғамдық саяси институттарына арналады.

Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай принціпті нығайту қажеттігі мынада, әр түрлі объективік және субъективтік факторларға байланысты қоғам әр түрлі қабаттарға, топтарға, таптарға, ұлттарға,тектерге , конфессияларға және басқаларына бөлінеді. Мұндай бөліу әр түрлі әлеуметтік топтардын біріне-бірі сәйкес келмейтін әр-түрлі дүиетанымдары, көзқарастары, идеялары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерешелік көзкарас кайшылығына, текетіреске,өзара күрес себептеріне түрткі болмауы тиіс. Басқа топтың, тектің, ұлттың,діннің,нәсілдің өкілдеріне төзбеушілік тек көзқарас қайшылығына ғана емес,сондай-ақ ушығушылықты текетіресті,ашық қарсы тұрушылыкты тудырады.

Мұндай жағдай ушыққан жақтарға ғана емес,бүкіл қоғам ушін де қауіпті,оның қалыпты жұмысына,әр адамның тыныш өмір сүруіне кенсел келтіреді.

Сондықтан калыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. оған қоғамның,оның органдрының перманеттік қызыметі арқылы көз жеткізеді.

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік,діни, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан баршаның тең құқылыгын нығайтуда,мемлекеттің аталған норма шығармашылық кызметінің маңызы айрықша. Мемлекеттік органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімдерді нығайтуға қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық -саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімдерді бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдык-саяси бірлестіктердің жарғылары, ережелері тек өз жақтастарының идеяларын, көзқарастарын насихаттайтындай, бір топтың азаматтарын екінші топтын азаматтарына қарсы қоятындай мазмұнда болмауы тиіс.Жарғыларына мұндай ережелер енгізілген қоғамдық-саяси бірлестіктер тіркелмейді. Егер қогамдық-саяси бірлестіктер өзінің қызмет барысында қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған акциалар өткізсе, онда тиісті құқық қорғау органдары арқылы мұндай әрекетердің жолы кесілуі тиіс. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қантарда Заңында «діни біргестіктер заң талаптарын және құқық тәртібін сақтауға міндетті.

Мемлекет дін ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әр түрлі діни бірлестіктер арасында өзара тиімділік пен құрмет қатынастарын орныктыруға жәрдемдеседі»деп жазылған.Мұндай қағидалар «саяси партиялар туралы», «коғамдық бірлестіктер туралы»Заңдарга да енгізіледі.

Қоғамдық келісімді қолдау –мемлекеттің ,оның органдары ғана емес, сондай-ақ қоғамдық саяси институттардың,тұтастай қоғамнын да міндеті.. Бұл opaйда Қазақстан Республи­касында қасында жағдай қанағатганарлықтай. Азаматтардың , оларлың бipлестіктері мен ұйымдарын сан мыңдаған ұсыныс-тілектерін ескере отырып, жалпыұлттық келісім, коғамдық-.саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "1997 жылды жалпыұлтық келісім және саяси куғын-сургін кұрбандарын еске аду жылы деп жариалау туралы. Жарлық шығарды. Жалпыұлттық келісім жылын өткізіуде саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар,қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл атқарды.Олар қоғамдық келісімді,қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол қояды.

Республика қызметіне негіз болатын манызды принциптердін бірі-елде саяси тұрақтылықты орнату. Қоғамдық келісім сияқты,саяси тұрақтылық та мемлекеттің,қоғамныңолардын институттарының үздіксіз,ойластырып жүргізген жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады.Саяси тұрақтылық қоғамда саяси,құқықтық мұраттар және әлуметтік –саяси құндылықтар бірлігі нәтижесінде белгіленеді.Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси тұрақтылық үшін берік негіз қалайтын саяси-құқықтық мұраттарды,әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастырады.Алайда,мұндай факторлар саяси тұрақтылықты жеке өздері қамтамасыз ете алмайды.Саяси даму-идиялық емес,стихиялық процес.Саяси жанжалды тудыратын себептер аз емес.

Саяси жанжалда әлеуметтік факторлар жетекші орын алады.Ол-топтардын,әлеуметтік қабаттардын арасындағы экономикалық мәртебенің алшақтығы.Мұндай текетірестік қалып бастауларын жанжалдасушы тараптардын қажетін,мүддесін қанағаттандыра алатындай экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру жолымен жоюға болады.