Адамдардын әр түрлі әлеуметтік топтарының саяси мұраттарындағы алшақтық-саяси жанжалдын тағы бір бастауларының бірі. Мұндай жанжалжар мемлекеттілікті реформалау,мемлекеттік құрылым жолдары туралы әр түрлі пікірлердін қақтығысуы нәтижесінде туады.Қазақстан Республикасының 1993 жылы Конституциясы назарды мемлекеттіліктін ұлттық сипатына көбірек аударып,саяси жанжалдың тууына жол ашты.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым саласында және мемлекттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағыдай жасады.Сондықтан Контитуция осы процесте саяси жанжалдын тууына тосқауыл қойды. Саяси жанжалды тудыратын себептердін енді бірі-түпкі рухани құндылықтардағы,мәдени дамудын тарихи және көкейкесті мәселелерін бағалаудағы алшақтықтар.Мұның айқын көрінісінің бірі-Республикада тіл мәртебесі мәселесі бойынша ұзаққа созылған айтыс және текетірес.Конституция және тіл туралы жана зан саяси жанжалды тудырған себептерді жойды.Алайда,оны тек тиісті мемлекеттік органдардын білікті ұйымдастырушылық және құқық қолданушылық қызыметі ғана толық жоя алады.Қазақстанда құрылған және тұрақты жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар бұл іске игі ықпалын тигізуде.
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық дамуға бағытталуы тиіс.Экономикалық қоғамның гүлденуіндегі шешуші мәніне орай бұл негізгі принцип болып табылады.
Осы принципті орнықтыра отырып, конституция,біріншіден мемлекеттін қоғамның экономикасын дамытуда алатын орны мен жауапкершілігін атап көрсетеді.Мемлекет экономикалық процестедін сырттап,қоғамды нарықтық қатынастын бей –берекет толқынында қалдыра алмайды.Мемлекеттің жеке экономикалық қатыныстар саласындағы қатал байыпты да батыл реттеушілік қызыметінсіз,сондай-ақ экономиканың мемлекеттік секторларын жан-жақты реттеп,қатал басқармайынша экономиканы дамыту мүмкін емес.Екіншіден, Конституция экономикалық қатынастарды жолға қойып,экономиканы дамытуда азаматтық қоғамның өзінің де алатын орнын мойындайды.Бұл Конституциялық меншіктін екі нысанын:мемлекеттік және жеке меншікті Қазақстан экономикасының негізі ретінде мойындау туралы қағидасынан туындайды.Экономиканың жеке секторы оның субъектілері арқылы тек жеке мүддені ғана көздеп қоймай,сонымен бірге дамытуға да жауап беруі тиіс.Бұл-игі ниет емес,Контитуциялық талап.Жұмысқа қабілетті әр адам өзінің жеке юасы үшін ғана емес,ел экономикасының дамуы үшін де жауапты екендігін сезінуі қажет.
Конституция Қазақстандық патриотизм принціпін негізгі принціптердін бірі ретінде есептейді.Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін,оның өмірдін барлық салаларында-саяси,экономикалық,мәдени салаларда табысқа жетуіне, оның қуатының,қорганыс қабілетінің артуына,халықаралық аренада беделінің нығайуына ықпал ететін идеясы,сезімі мен әрекеті.Қазақстандық патриотизм-ол Қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр ұлттын адамдарданының мүдде бірлігін сезіну,бұл елдін тарихи өткеніне құрметпен қарау,жаңа мемлекет құрып,азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді қызымет.Қазақстандық патриотизм ұлттық тарихқа,ұлттық әдет,дәстүрлерге селхоз қарайтын ұлттық тоғышарлықпен келіспейді.
Қазақстандық патриотизм жалған патриотизмге,өз ұлтын бұрмалап көрсетушілікке,оны басқа ұлттарға қарсы қоюшылыққа төзбейді.Өйткені аталган принцип барлық ұлттардын жане әлеуметтік топтардын өкілдерін бірлестіруге қоғамның экономикасына қызмет етеді халықтық дауыс беруге шығарылуы мүмкім мәселелер тізімі келтірілген. Бұл мәселелер Республика Конституциясында, Конституциялық заңдарға,оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңдарда қабылданған. Референдумға мемлекет өміріндегі шешілуге тиісті басқа да маңызды мәселелер шығарылады. Республикалық Референдум өткізу: 1) референдумға epiкті түрде қатысу жане азаматтардың өз қалауын epкін айту; 2) жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардын жалпыға ортақ, тең жане тікелей қатысу құқы; 3) жариялылық принциптеріне негізделеді.
Парламенттін кызметі демократиялық әдістер негізінде жүзеге асырылады. Оның Палаталарының құзыретіне жататын барлық мәселелер, тұтас алғанда, ашық қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституция мемлекет өміріндегі манызды мәселелерді. шешу басқа жағыдайларда да көздейді. Конституииялық Кенес, Үкімет, орталық атқарушы органдар өз қызметтерінде демократиялық әдістеді кең қолданады.
Билік бөлу принциптерінің маңызды болатын ceбeбi, ол мемлекеттік ұйымдастырылуың, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл принципті тану алдынғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін ескеруді,құқықтыұқ мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Билік бөлу принципі конституииялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін олардын өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрніс тапты. Казақстан Респубикасының Констуитуциясында республикада мемлекеттік билік біртұтас,оның зан шаруашылық,атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөлу және тепе –тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау приципіне сәйкес Конституция мен заңдардың негізгі жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген.Бұл биліктің әр тармағымен өз құзыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді.Сонымен бірге ол билікті шоғырландыруды,бөлуді,манаполиясыздандыруды да білдіреді.Билікті бөлу,олардын бірде біреуі өзгелерінің өкілеттігін шектемеи,екіншісін өзіне бағындырмай және әр қайсысы өзара түсініктікпен,өзара ынтымақпен қызмет істеуі тиіс болған жағдайда Конституцияға сәйкес оның үш тармағын өзара тенестіруді де білдіреді.Мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін
Қазақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында ic жүргізуді шектеу принципімен ұштастыруды көздейді . Қазақстан Республикасы Конституцисына тән сипат, онда ic жүрпзудін түпкі билігі Парламенке бекітілген. Басқаша айтқанда, Парламент, оның Палаталары Сенат жене Межіліс — өз кызметін тек Конституцияда көрсетілген өкеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал үкіметін өкілеттілігіне келсек Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген. Оның Президентінің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің конституцялық тұрғыда бекітілуін мен түсіндіруге болады? Біріншіден,ол жоғары өкілетті органың кеңестік конституциялармен жене белгілі бір денгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен бекітілген бүкіл билікті илену құқынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден,тәуелсіз,егемен Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отытып,биліктін бөліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер,әлеуметтік топтар ықпал ететін жолғарғы өкілетті орган болып табылады. Ал бұл парламент қызыметінің қарама-қарсылық тудыруға мумкіндік жасауға мүмкін. Қазақстан Республикасы Парламенттінің аз жылғы тәжірибесі,оның палаталарының таза заң шығару қызмерімен айналысқандығын көрсетеді.
Депутаттардын сөздерін айқын саясаттандырылған сырын байқалмайды.Олардын кейбір мұндай пікірлерін қолдау таппауда. Бұл жақсы ма, жаман ба, оны уақыт көрсетеді.Кейбіреулер мұндай жағдайда Парламент өкілеттілігінің шектелгендігнен деп түсіндіруге тырысады.Алайда бұл басқа мәселе Қазақстан Республикасы Президенттінің мәртебесі билік бөлу принципіне талдау билік жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды.Біріншіден, Президент толық күйінде биліктін бірде -бір тармағына қосылуы мүмкін емес; екіншіден,оның биліктін барлық үш тармағының қызметіне бірдей араласуына мүмкіндік беретіндей құқы бар; үшіншіден,оның өкілеттілігі мемлекеттік биліктін барлық тармағының үйлесімді қызыметін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ете алады.
Қазақстанның Конституциялық құрылысының қарастыруының қазіргі өзіндік ерекше жағдайында билік бөлу принципін бекітіп, жүзеге асырудын маңызы айрықша. Ол биліктін бір тармағының екінші бір тармағының жоғары тұруын,қоғамда бедел үстемдігін болдымауға арналған. Тепе-тендік жүйесі мүмкін қателіктерден,тіпті билік тармақтары арасындағы қарама-қарсылық барынша арылуды көздейді. Бұл принципті жүзеге асыру үшін мемлекеттін барлық құрылымдарының қызметін тиімді және қолайлы,мемлекеттік басқару тетігі жұмысының тиімділігін күшейту қажет.