Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 9 из 22)

Бұл арада тағы бip мәселе туындайды. Егер Парламент Президенттің тыйым салуына төтеп берсе, Президент жеті күнің ішінде заңға қол коюы тиіс. Ал егер Парламент Конституцияға қайшы заң қабылдаған болып шықса Президент не істей алады? Президенттің Констигуциялық заң күші бар Пре­зидент туралы Жарлығында оның өкілеттігінің толық тізімі берілгсн. Онда заңның Конституиняға сәйкессізігі туралы мәселе жөнінде Конституциялық Кеңеске жүгінуіне Президенттің құқы жоқ. Президент Консгитуцияға сәйкес келмейтін залңға қол коюы тиіс. Бұл ақылға сыймайтын жәйт. Президент туралы Жарлыққа, егер Президент Парламент екінші peт қабылдаған заңда Конституцияға сәикес келмейтін қағидалар бар деп есептесе, оның Конституцнялық Кеңеске жүгінуі құқы туралы толықтыру енгізу керек.

Одан әpi, Конституциялық Кеңес Конституцияны қорғайды, бекітілгенше халықаралық келісім-шарттарды, сондай-ақ соттардың нормативтік актілерлін Конституцияға қайшылығы жөніндегі жүгіпулерін қарайды. Сонғы жағдайда әнгіме азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауы туралы болып отыр.

Айқындалмағандар қатарына демократиялық централизм принципі де жатады. Әнгіме – атқарушы биліктін иерархнялық құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық, жергілікі атқарушы органдар Республиканың атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді,атқарушы биліктің жалпымемлекеттің саясатты тиісті аумақтарды даму мүддесі мен тұтыну қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді.

Цетрализм Президенттін облыстардың, қалалардың әкімдерін тағайындауларынан көрінеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында келтірілген субъектілердің өтініші конституциялық іс жүргізу қозғауға себеп болып табылады.

Өтініш екі тілде (қазақ және орыс) және Конституциялық заңның 22-бабының талаптарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Конституциялық іс жүргізу сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35 және 36-баптарымен көзделген жағдайларда қозғалуы мүмкін.

Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен Конституциялық Кеңестің аппаратында тіркеледі.

Конституцияның, Конституциялық заңның және Регламенттің талаптарын бұза отырып келіп түскен өтініштерді Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы кері қайтарады.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың Конституциялық Кеңеске қарасты мәселелер бойынша өтініштері Конституциялық Кеңестің Төрағасына беріліп, олардың арғы қозғалысын Төраға белгілейді. Төраға Кеңес мүшелерінің біріне келіп түскен өтініш бойынша ұсыныс дайындауды тапсырады.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы түскен өтінішті Кеңестің қарауына енгізеді, оның отырысы, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде өткізіледі. Конституциялық Кеңес, өтінішті зерделеп және Кеңес мүшесінің ұсынысын тыңдап, іс жүргізуге қабылдайды немесе қабылдаудан бас тартып, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 25-бабында көзделген негіздер бойынша оны кері қайтарады.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Кеңестің отырысына материал дайындауды жүзеге асыру үшін Конституциялық Кеңестің мүшесін белгілейді. Кеңестің мүшесін баяндамашы етіп тағайындау туралы Төрағаның өкімі, Кеңестің мүшесі өтінішті алған күні шығарылады. Келіп түскен өтініштің ерекше күрделілігіне не оның аса маңыздылығына, жедел түрде дайындалуы керектігіне қарай, материалдарды дайындау Конституциялық Кеңестің бірнеше мүшесіне тапсырылуы мүмкін. Өзара байланысты бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда Конституциялық Кеңес оларды бір конституциялық іс жүргізуге біріктіру туралы шешім қабылдай алады. Өзара байланысты бірнеше өтінішті іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешер кезде, олардың бірі Конституциялық Кеңеске, ал басқалары - өзге мемлекеттік органдарға ведомстволық қарасты болса, Конституциялық Кеңестің өкілеттігіне жататын өтініштер ғана қаралады.

Конституциялық Кеңестің мүшесі, Төраға белгілеген мерзім ішінде, іс жүргізуге қабылданған өтініш бойынша материалдарды Констптуциялық Кеңестің отырысында қарау үшін дайындауға міндетті, бұл үшін ол:

1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды белгілейді, оларға «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 21-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

2. Тиісті органдарға немесе лауазымды адамдарға, Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе Конституциялық Кеңестің мүшесі қол қойған, сұрау салу арқылы өтініштің мәніне қатысты қажетті құжаттар мен басқа да ақпаратты талап етіп алады.

3. Қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан түсініктеме алады, мамандарды, сарапшыларды тартып, зерттеу, сараптау жүргізуді тапсырады.

4. Кеңес аппараты бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлеріне қажетті анықтама-ақпараттық материалдар және қорытынды беруді тапсырады.

5. Отырыс басталардан кем дегенде екі күн бұрын материалдардың көшірмесі Конституциялық Кеңестің мүшелеріне берілуін қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес шешімінің жобасын әзірлейді. Шешімнің жобасы бойынша өздерінің ескертулерін Кеңес мүшелері баяндамашыға жазбаша түрде береді. [7 б. 13[

Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарап, өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде ол бойынша қорытынды шешім шығарады. Егер мәселені кейінге қалдыруға болмайтын болса, Қазақстан Республикасы Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылады.

Материалдарды дайындайтын Кеңес мүшесі, материалдарды дайындау және оларды Конституциялық Кеңестің отырысында қарау барысында, тиісті ғылыми мекемелерге немесе нақты мамандарға тапсырма бере отырып, ұйғарым шығару арқылы сараптау жұмысын тағайындайды, бұл ұйғарымда сарапшыларға қойылатын сұрақтар тұжырымдалып, сараптау жұмысының қорытындысын тапсыру мерзімі белгіленеді. Ұйғарыммен бірге сарапшылардың қолына сараптама жүргізу үшін қажетті барлық құжаттар беріледі. Қарауға берілетін материалдарды дайындау кезінде Конституциялық Кеңестің мүшесі консультация беру үшін мамандар шақыруға хақылы. Маманның қорытындысы жеке құжат түрінде баяндалып, оған ол қол қояды.

Конституциялық іс жүргізу, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 30-бабында көзделген негіздер болған жағдайда, қорытынды шешім шығарылғанға дейін оның кез келген сатысында тоқтатылуға тиіс.

Конституциялық Кеңестің берілген өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі, дәл осы негіздер бойынша Конституциялық Кеңеске қайтара жүгінуге мүмкіндік бермейді.

Конституциялық Кеңестің отырыстары осы мақсатта арнайы бөлінген, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 44-бабы 2-тармағына сәйкес рәсімделген бөлмеде өткізіледі.
Конституциялық Кеңес құрамының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және шақырылған адамдардың орналасу тәртібін Конституциялық Кеңестің Төрағасы белгілейді.

Қарауға берілетін материалдар дайындалып болғаннан кейін, Конституциялық Кеңестің Төрағасы, ал Төраға болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы Кеңес мүшесі өз өкімімен Конституциялық Кеңес отырысының өткізілу күнін белгілейді.

Конституциялық Кеңес жабық отырыс өткізу туралы шешім қабылдағаннан басқа жағдайларда, өтініш материалдары ашық отырыста қаралады. Кеңес Төрағасының шешімі бойынша, Конституциялық Кеңестің отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

Конституциялық Кеңестің отырысы мына жағдайларда кейінге қалдырылады:

1. Өтінішті қарау үшін қажетті кворум болмағанда.

2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың бірі, Кеңес келуі қажет деп тапқан сарапшылар, мамандар келмегенде.

3. Егер өтінішті қарау үшін айтарлықтай маңызға ие болса, талап етілген материалдар берілмегенде.

4. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың бірінің немесе оның өкілінің, тараптардың бірі берген материалдарды қосымша зерделеу үшін берген өтініші бойынша.