Міндеттері көлемі мен типіне байланысты төмендегідей жіктеледі:
-заң өкілеттілігі қызметінің көп саласы федерацияның қолында;
- әкімшілік басқару, негізінен, жердің құзіретінде;
-сот әділдігі мәселесін федерация мен жер бір-бірімен өзара бірлесіп шешеді.
Бөлісудің мұндай түрі федерацияға басымдылықты кепілдік етеді. Федерация өкілеттіліктің кең ауқымын иелене отыра, бірыңғай нормаларды белгілеу, орнату мүмкіндігіне ие. Жер бундесрат арқылы заң шығару үдерісіне қатыса алады, бұл оның елеулі өтемдік механизмі болып табылады.
Жерлердің мүддесін қорғайтын федералдық заңдар тек бундесраттың келісімі болғанда ғана қабылданады.
Федерацияның заң шығару құзіреті. Мемлекет пен азаматтардың мүдделері бір жерден шығып, бірыңғай норманы талап еткен жағдайда, мысалы, федерация халықаралық қатынастар, қорғаныс, кеден және шекара күзеті сияқты мәселелерге қатысты заң шығару құқығына ие болады.
Көптеген облыстарда бәсекелестік заң шығару жұмыс істейді. Шындығында, мұнда федерация басымдық, немесе доминанттық сипатта болады. Жерлер федералдық деңгейде реттелмейтін мәселелерге қатысты ғана заң шығара алады. Федерация іс жүзінде жерлерге мүлдем дерлік бәсекелестік аймақ (мысалы, қылмыстық, процессуалды, экономикалық, еңбек құқығы, қоғамдық көлік және тұрғын үй шаруашылығы, шетелдіктердің келуі мен олардың тұрақты тұруы, жиналыстар мен бірлестіктердің жұмыс істеуін, кеме қатынасы) қалдырмады.
Федерация жерлердің шығармашылық мөлшерінің негізгі мазмұны мен бағытын көрсетіп, бірқатар мәселелерді шешу үшін жалпы ұйғарым береді. Бұған жоғарғы білім алудың жалпы принциптері, кино мен баспасөзге арналған жалпы құқықтық қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, ландшафтық жоспарлау, территорияны реттеу, су шаруашылығы, көлікті тіркеу жүйесі сияқты мәселелерге қатысты шектеулі заң шығару жатады. Федерацияда белгіленген нақты мәселелер туралы шешім қабылдау мүмкіндігі осылайша жерлердің құзырында қалады.
Федерацияның территориясын реттейтін заң туралы жалпы ережелер ғана бар, ал экономика саласының құрылымдық жоспарлауы, әлеуметтік және мәдениет салалары тікелей әр жердің құзырына енеді.
Жерлердің заң шығару құзіреті. Федерацияның Конституциясына байланысты болмаса, Жерлер заң шығару құқығын іске асырады. Бір қарағанда осының арқасында жерлердің заң шығару мүмкіндігі жоғары деген сезім қалыптасуы мүмкін. Іс жүзінде шындыққа жанасымды басқа ой дұрыс. Төменде көрсетілген мәселелер федерацияның ұйғарымынсыз жерлердің толық құзіретіне кіреді:
-бірінші кезекте білім беру, радио мен телевидение сияқты мәдениет саласы;
-коммуналдық саланың дамуы;
-мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру мен қолдауға қатысты жалпы ережелер.
Жерлер мұнда әр түрлі мақсаттарды көздеп, өз жолымен жүруі де мүмкін. Полицейлік құқық жерлердің деңгейінде реттеледі, бірақ полицейлердің киімі бірыңғай. Мектептердегі білім беру жүйесінде біршама өзгешелік бар, дегенмен жерлердің мәдениет министрлері оны үйлестіру үшін көп жұмыс атқарып жатыр.
Жер өкілеттілігі тек аймақтарға ғана таралмайды. Мысалы, телевидение толығымен жер деңгейінде реттеледі. Дегенмен жер федерация қабылдаған бағдарламаларды жасауға болады және ортақ аймақаралық телекомпания құра алады.
Басқару міндеттері. Германия үстел үстінде, кабинетте шешілетін, болып жатқан оқиғалардан алшақ болатын ірі білім беру мекемелерден қашық. Сондықтан федералдық билік, негізінен, тек ішкі қатынастарға қатысты, мысалы федералдық қаржы басқармасы, бундесвердің қызметі, федералдық шекара күзеті секілді аз ғана салаларға байланысты заңды жүзеге асыруға жауап береді.
Басқарудың көп бөлігі коммуналдық өзін-өзі басқаруға негізделген жерлерге жүктелген. Оларды 3 топқа бөлуге болады.
Федерацияның тапсырмасы бойынша, мысалы федералдық автострад пен автомобиль жолдары жүйесін басқару, су жолдары, құрылыс пен атомдық электрстанцияларын пайдалану және радиобелсенді заттарды қайтадан өңдеу мен сақтау талаптарын анықтауға рұқсат алумен байланысты әуежайлардың құрылысы секілді мәселелердің тек аз бөлігі ғана орындалып жатыр.
Мұндай жағдайда федерация өз нұсқамаларын беруге құқылы. Федералдық заңдардың көп бөлігін федералдық қадағалау арқылы тікелей жер үкіметімен орындалады. Дегенмен мұнда федерацияның ықпалы шектеулі. Басқарушылық шешімдерін заңда орынды пайдалану үшін қадағаланады. Егер олар бірнеше болса, онда таңдау жер үкіметіне қалады. Федерация басқа шешім дұрыс немесе оң деп өз шешімін ауыстырмайды. Сол себепті жерлер тек атқарушы органдар ғана емес, олар сонымен қатар өз ұғымдарын ескеріп, мысалы құрылыс, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек салаларында өзіндік шешім қабылдай алады.
Жер кіріспесінде тек тікелей әкімшілік міндеттер туралы шешімдер (мектептерді дамыту, полицияны қамтамасыз ету, жерді жоспарлау) бар.
Басқару кең мағынада үкіметтік қызмет ретінде белсенді мемлекеттік саясат деп жіктелуі мүмкін.
Бөлісу шығындары. Бөлісудің ұстанымдары мен өкілеттікті бөлу ережелері тек қаржыландырудың нәтижесінде ғана маңызды болады. Қаражат болмаса, жерлер үшін жолдардың құрылысымен айналысудың ешқандай мән-мағынасы болмайды. Сол себептен қаржыландыру мәселесі федерация мен жерлердің арасындағы тұрақты тақырып және ол федеративтік құрылғының каркасы болып табылады. Шығындар үшін соңғылардың жауапкершілігі былайша сипатталады.
Мемлекеттік аппаратты пайдалану мен қолдауға қажетті әкімшілік шығындарға жауапкершілікті тиісті инстанция алады. Осылайша федералдық маңызы бар заң шығару, басқарушылық, мемлекеттік және сот институтының кадр мен кеңсе шығындарына федерация мен жердің әрқайсысы жауап береді. 6,7
Материалдарды төлеу шығындары мен қызмет көрсету осы сектор жұмысы бойынша басқару құқығы бар(заң шығару емес) жақ төлейді.
Егер мұндай құқыққа тек федерация ғана ие болса, онда оған жауапкершілік те, сәйкесінше жерге қатысты шығындарға да жауапты болады. Федералдық автострадалар федерацияның тапсырысымен жерлермен салынады, сондықтан да федерация құрылыстың әрі бундесвердің құрылымы бойынша шығынын төлейді және ол үшін федерация әкімшілік жауапкершілік алады.
Мектеп құрылыстары, керісінше, жерлердің (немесе қауымның) әкімшілік мәселесі, сондықтан осы саладағы барлық шығындарды жерлер өз мойнына алады.
Федералдық заңдарды өз күшімен жүзеге асыру үшін жерлер материалдар мен қызмет көрсету ақысын өздері төлейді, мысалы, әлеуметтік көмек туралы, қоршаған ортаны қорғау, су және әуе аймағы, шумен күрес.
Азаматтарға ақшалай ақы төлеуге бағытталған заңдарға келгенде, федерация оларға толығымен немесе ішінара ақы төлеп, жерлерге тікелей қатысты бөлігін өтеуі қажет.
Жерлерге студенттердің шәкіртақысы федерацияның бюджетінен ішінара өтемақы ретінде төленеді, себебі білім алудағы көмек көрсету туралы заң сәйкесінше федералды болып табылады. Егер жерлер шығынның 1/4 бөлігін немесе одан да көп тартса, онда бундесраттың келісімі болуы керек.
Салықтарды бөлу. Салық заңдарының барлығын дерлік федерация қабылдайды, елдің барлық бөліктерінде салық салу принципі бірдей. Бұл бәсекелестікте теңсіздікті болдырмайды, сонымен қатар жоғары салықтардан, капиталдың бір жерден басқасына ауыспауын қадағалайды. Бірақ бұл жерлердің қаржылық мүдделерінің құқығын бұзу немесе қысым жасау деп түсінбеу керек, федерацияның заң шығару құзіреттілігі салықтарды автоматты түрде бөлуге көзделмеген. Керісінше, федерация мен жерлер мемлекеттік кірістерге құқылары бірдей .
Федерация мен жерлердің қажеттіліктері өздерінің шығындарын жабуда әділ төлемақы төлеуге негізделген. Бұл өз кезегінде салық төлеушінің шамадан тыс салық төлемеуін және үйлестіру жұмыстарының кепілдемесі мен ФГР барлық аймағында өмір сүру деңгейін жақсартуды көрсетеді. Федерация мен жерлердің арасында салық екі түрлі жүйемен жүзеге асырылады. Оның көп түрі бөлісу жүйесі бойынша - толығымен федерацияға немесе жерлермен есептеледі.