Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 12 из 19)

Жалпы салық көлемінің 70%-ын құрайтын федерация мен жерлердің арасында ең маңызды салықтар бірыңғай орталықтандырылған бөлу жүйесінің негізінде бөлінеді. Ол негізгі 3 салықтан - табыс салығынан, корпорациядан және ақша айналымынан тұрады. Бірінші екі түр алдын ала бекітілген қатаң пайыздық мөлшерлемемен федерация мен жерлердің арасында бөлінеді. Айналым салығына (қосымша құн) нақты мөлшерлеме жоқ, уақыт сайын өзгеріп құбылып тұрады.

Қаржылық-төлемақы механизмі. Германияның қаржы заңнамасы федерация мен жерлердің арасындағы салықтың көлемі әділ бөлінуін қарастырады. Жерлердің экономикалық және қаржылық ықтималдылық айырмашылығы бірдей болады. Салық түсімі толықтай болмайды, олай болмаса кедей адамдар өздерінің жағдайларын жақсартуға талпынбайды.

Жаңа жерлерде қаржы мәселелерінің шешімі келісімшартта Германия бірлестігі туралы айрықша келісілген. Алдымен федерация мен 11 ескі жерлер 115 млрд неміс маркасынан құралатын герман ынтымақтастық Қорын ашады. Аталған қор нарықтық экономика инфрақұрылымына, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында пайдаланады. Қордың сексен бес пайызы жаңа жерлер мен Берлиннің ортақ қаржылық қажеттілігін өтеу үшін тұрғындарға бірдей бөліну керек, ал 15 %-ы орталықтың осы аймақтағы мәселелерін шешуге жұмсалады. Федерацияға келіп түсетін салықтардың шығыны мен бөліп беру шығысгермания жерлерімен де бірдей болады, дегенмен айналымнан өзгеше бөліп беру бар, ол- жерлер мен қауымдарға қаржылық төлемақы төлеу.

Бундесрат – федеративтік мемлекеттік орган. Жерлер жер үкіметінің мүшелерінен құралған бундесрат атты жоғарғы мемлекеттік орган арқылы заң шығару мен федерацияның басқару жүйесіне қатыса алады. Әр жердің жіберетін өкілдер саны бірдей емес. Бір жердің ең аз дегендегі дауысы – 3, 2 млн-нан астам тұрығандары бар жерлердің- 4 дауысы, 6 млн-нан астам-5 дауысы, 7 млн-нан астам тұрғындары барлар- 6 дауысқа ие болады. Бундесрат мүшелері тиісті жер үкіметінің шешімімен тағайындалатын болғандықтан, бундесратқа сайлау жүргізілмейді.

Бундесрат – ландтагиден кейінгі сайлаулардан соң уақыт өткен сайын құрамы өзгеріп тұратын тұрақты орган. Әр жер бірыңғай жүйемен өздерінің дауыстарын бере алады, олай болмаған жағдайда бундесратта оның жеке-жеке бөліктері емес жер бостандығы ұсынылу қажет.

Бундесрат бундестагқа халық сайлаған парламенттің заң жобаларын ұсынуға құқылы. Ал федералдық үкімет өз кезегінде өздерінің заң жобаларын алдын ала бундесратқа бағалау үшін тапсыру керек. Соңғының заң шығару қызметіндегі ең маңызды мәселе бундестаг қабылдаған заңдарды талқылау болып табылады. Егер де олар жерге қатысты болса, онда ол тек бундесраттың келісімімен ғана өз күшіне енеді. Мұндай заңдарға мыналар жатады:

-Конституцияны өзгертетін. Оларды қабылдау үшін көпшілік қауымның 2/3 дауысы керек;

-Жерлерге қаржылық түсімге қатысты. Алдымен мұның қатарына жерлер мен қауымдардың қазынасына келіп түсетін салықтар турады заңдар кіреді;

-ол заңдар жерлердің әкімшілік егемендігіне қатысты болады.

Бундесраттың маңызы оның келісімі бойынша заңдарды қабылдау құқығына байланысты болады. Бұл құқық олардың федерация деңгейінде заң шығару үдерісіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Бундестаг әр заңның екіншісін бундесраттың пікірін ескермей қабылдай алмайды.

Жерлер бундесрат бекітпейтін заңдарды жер палатасы арқылы қалыптастыруға ықпал ете алады. Соңғысы наразылық көрсетуі мүмкін. Дегенмен бұл тек бундестаг тарапына айтылған ескерту деп қана қабылдау керек. Бундестаг көпшілік қауымның дауысымен наразылықтан ауытқуы мүмкін. Бундесраттың мойындамаған заңын, бундестаг оның келісімінсіз заң қабылдай алады.

Бундесрат басқару саласында бірінші кезекте үкіметтің жұмысын бундесратқа істің мән-жайын баяндайтын бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырады. Бұл міндет үкімет шешетін барлық мәселелерге қатысты болып, заң шығару мен басқармаға ғана емес, сонымен қатар жалпы саяси жағдай мен ішкі және қорғаныс саясаты жөнінде ақпараттарды жеткізуге де таралады. Бұдан басқа бундесрат мүшелері бундестагтың барлық мәжілістеріне және оның комиссиясына, пікірлерін айтып, ортаға салуға рұқсаттары бар.

Федерация мен жерлер өз міндеттерін орындауда өзара бақылау мен өкілеттіктің шектеулі құқығына ие. Дегенмен олар бір-бірінің көзқарастарын ескере отырып бір-бірімен әрекет жасау керек. Осылайша бундесрат бундестагпен және федералдық үкіметпен тең болып, байланыстырушы звено ретінде есептеледі. Жердің бундесраты арқылы:

-өз тараптарынан федерацияға өздерінің мүдделерін тікелей танытады;

-федералдық заң шығару үдерісіне қатысып, заң шығару өкілеттілігінен айырылғандықтан белгілі бір нақтыланған төлемақы алады.

-өздерінің саяси және әкімшілік тәжірибелерін федерацияның заң шығару мен әкімшілік қызметтерінде қолданады. Олар осылайша жер саясаты аясында ғылымдарды пайдалануға және мемлекет қызметіне тікелей қатысы бар тиісті заңдар орындауға мүмкіндіктері бар.

Бундесратта федеративтік және партиялық саяси элементтер өзара әрекеттесіп, жер саясаты сияқты партияның мүддесімен айқындалады. Соңғылардың саясаты федеративтік мемлекеттің деңгейіндегідей белгілі бір дәрежеде партияға қатысты жер ұйымдарымен жасалады.

Ішкі жақындасулар федерацияның жұмысы болып табылады, ол ішкі істер министрлігін (елшіліктерді, консулдықтарды, өкілдіктерді) сәйкесінше мекемелерді жақындастырады. Дегенмен жер мәселесі шетел мемлекеттерінің құзырынан тұтастай алынбаған.

Халықаралық ұлттық келісімшартқа отырмас бұрын федерация жерлердің көзқарастарын тыңдап, олардың мүдделеріне қатысты мәселелер болса, алдын ала ақпараттандыруы керек. егер де мәселе кеме қатынасы жайындағы келісімшарттар болса, нақты айтқанда соған жақын жерлердің пікірін есепке алу қажет. Рейне кеме қатынасы туралы келісімшарт талқыланса, Рейнеге жақын жерлердің ойы да ескерілу керек.

Заң шығару құзіреттілігі жердің қолында болса, әр жер шетел мемлекеттерімен келісімшарт жасай алады. Бұл ретте федералдық үкіметтің келісімі керек болады. Себебі қабылданатын шешімдер ФГР-ның ішкі саясатына нұқсан келмеу керек. Мұндай келісімшарттар мәдениет пен білім беру саласында жүргізіледі.

Жерлер бундестаг арқылы федерацияның ішкі саясатын қалыптастыруда жанама түрде болса да қатысады.

Саясаттағы федерализм екі элементті- жарыстар мен келісімге келуді күшейтуге септігін тигізеді. ФГР-ның тұрақтылығы мен гүлденуі мұнымен ғана есептелмейді. Көп азаматтар федерация мен жер деңгейінде саяси үдерістерге қатыса алады. Шындығында, ФГР бірыңғай мемлекеттік білім беру болып табылады, ал жерлердің болуы оны маңызды етіп, сан алуандықтың ішінде бірлікті көрсетеді. 6,7


3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары

Елбасы басқару жүйесі мәселесі бойынша өзінің 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бірлескен басқару негізінде мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа моделінің нәтижелілігін, қоғамға есеп беру мен айқындылықты көздейтін жүйеге енуіміз керек. Біз мемлекеттік холдингтердің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, мемлекеттік–жеке серіктестік негізінде дамудың инфрақұрылымдық механизмін қалыптастырумыз қажет» деді.

Тәуекел факторларының арасында жетекші венчурлық бизнеске – мемлекеттің қолдауы, бизнес-идея, күтілетін кіріс, менеджмент - әлемдік тәжірибеде бірінші кезекке менеджмент жобаларының деңгейін қояды. Елдердің инновациялық дамудың талдауы ғылымның жаңашылдығына, инженерлік ғылымға назар аудару керектігін көрсетеді. Компаниялардың дамуы мен жемісті жұмыс істеуіне ұйымдастырушылық, яғни, менеджментті дамытуды қолға алу қажет. Ол ең алдымен мақсаттылықты, келісімді, технологиялық және құқықтық-экономикалық білімдердің жоғары деңгейін, тәуекелге бара алу мүмкіндігін басқаруды қамтамасыз ету керек. Қазақстанда менеджмент мемлекеттік басқаруда, банк саласында жемісін көріп жатыр. Ал бірлескен сектор, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау салалары туралы оны айтуға болмайды. Бірақ елдегі басқару жүйесіндегі көпке ортақ кемшілік болып бұрынғыдай кеңес үкіметі кезіндегі мысалы, қаржылық-шаруашылық қызмет секілді бағаланып-талдау жұмыстары жүргізілмейді. Қаржылық шығындар жаман менеджменттің салдары. Қазір мысалы көптеген бюджеттік ұйымдарға енгізілген сапалы менеджмент жүйесі, жүйедегі уәжді немесе басқа да факторларға мүлдем назар аудармау салдарынан формалды сипатта жүр. Елбасы басқару жүйесінің мұндай өрескел кемшілігін сынға алды.