Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 14 из 19)

Коммуналды меншік турасында айта кетер болсақ. 2004 жылдың қорытындысы бойынша 4255 коммуналды мемлекеттік кәсіпорындардың 208-і тиімсіз деп танылған, негізінен бұған тұрғын үй және коммуналды шаруашылық саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру, жолдар мен көшелерді, инженерлік желілерді, жылумен қамтамасыз ету нысандарын өз қалпында ұстап тұру және абаттандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өңдеу және сату, сауда-коммерциялық және делдалдық қызмет, баспа ісі, елді мекендердің бас жоспарын, жобалық смета құжаттарын дайындау, жалға беру пункттерін құру сияқты қызмет түрлері жатады. Қонақ үй қызметі, шыныпластиктен жасалған балық аулау қайықтарын жасау және сату, жүк вагондарын жөндеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын және тағы бірқатар кәсіпорындар сирек кездеседі. Жолаушылар тасымалы, жөндеу-құрылыс және жинақтау жұмыстары, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметі, АКК кәсіпорындарын материалдық-техникалық және өндірістік қамтамасыз ету, тауарларды өндіру және сату, алтын өндіру, үй-жайларды жалға беру, жарнама, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату, әуежай қызметін жүзеге асыру, тұрғын үй және коммуналдық салада, астықты сақтау және өңдеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ішінде 30 компания тиімсіз боп табылды. Тиімсіз деп танылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызмет түріне жасалған талдау нәтижесі бойынша, аталған кәсіпорындардың негізінен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге арналған қызмет түрлерін ұсынуына маманданғандығы көрінеді. Осылайша, кәсіпорынның мүлкін (ғимараттарын, жерін, техникалық құрал-жабдықтарын және т.б.) ӘКК-ның басқа мақсатында пайдалану үшін, немесе ӘКК тарапының бастамасымен кәсіпорынды оңалту мақсатында кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды ӘКК-ның қарамағына беру тиімді болар еді. Бұл жерде аталған ереже табиғи монополия субъектілерін қатысты емес. Сондай-ақ республикалық және коммуналды мекемелерге, республикалық және коммуналды-қазыналық кәсіпорындарға бекітілген мүлік, бағдарлама құжаттарымен қарастырылған қандай да бір міндеттерді атқару үшін құрылған акционерлік қоғам акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлестері, сонымен қатар республикалық және коммуналды меншікке қалдырылатын нысандар критериіне сәйкес келмейтін және де жекешелендірілуге немесе шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау ретінде берілуге тиіс нысандар мен жер учаскелері ӘКК қарамағына берілмейді. ӘКК-ға берілетін тиімсіз кәсіпорындарды оңалту мәселелері өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ортамерзімді жоспарында қарастырылған қаржы инвестициясының көлемі шегінде шешілетін болады. Бұл жерде мемлекеттік бюджет қаражаты ғана емес, ӘКК-ның өзі, сонымен қатар «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның қаражаты қаржыландыру көздері бола алады.

Мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға қол жеткізу, өңірлік дамуға баса назар аудара отырып, Қазақстанда қалыптасқан жағдайға мейлінше бейімделген шикізатсыз секторлардың жаңа даму тетіктерін іздестіру нәтижесінде ӘКК-ны құру идеясы дүниеге келді. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар – бұл тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру және сату жолымен табысқа кенелу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық тұрақты бизнес-құрылымдар. Бұл жерде түскен табыстың бір бөлігі сол өңірдің елді мекендерінің әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсалады. ӘКК-ны құру кластерлік даму, ішкі ресурстарды өз бетінше ұйымдастыру және жұмылдыру механизмдерін енгізу жолымен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттің қатысуымен тұрақты бизнес-құрылымдарды біріктіру өңірдің экономикалық белсенділігіне баса назар аударатын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға ұйытқы бола алатын ірі өңірлік орталықтар құруға мүмкіндік тудырады.

Кооперативтердің құрылуы шағын және орта бизнес өндірістері мүшелерінің халықаралық тәжірибесі көрсетеді ,шағын және орта бизнестің маңызды түрде өндірушілік кооперативтік өндірістегі өнімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді . Кооперативтер шағын және орта бизнес өнімдерін сатуда, біртұтас «брэндін» құрайды.

Табысты кооперативтер ауыл шаруашылығынан , тамақ өнеркәсібіннен басқа да салалар мен қызмет көрсету аясында да құрылады.

Бірқатар кедергілер де кездеседі; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сонымен қатар, басқару мүмкіндігінің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өңірлік деңгейде реформаның жеткілікті енгізілмеуімен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік даму институттары инвестициясына кең көлемде кіру алмауымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілер тарапынан өздері атқарып отырған іс әрекеттегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдаудағы ынталарының жоқтығымен байланысты.

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін келешегі зоры экономикалық ұйымдар моделі болып көрінеді, мамандандырылуға бейімділігі және инновацияға қабілеттілігімен сипатталатын барлық жүйеде ресурстың жұмылдыруына кластерлік көзқарас негізделген. Қордың шоғырландырылуында негізгі механизімдердің бірі өңірлік Әлеуметтік өңдірістік корпорацияның (ӘӨК) құрылуы болады, ол жеке немесе бірнеше өлкелердің жеке кәсіпкерлік белсенділігін жандандыруға арналған.

Әлем тәжірибесі көрсеткендей еліміздің экономикалық дамуы өңірлерде қалыптасқан өзара бәсекелестікпен тікелей байланысты. ӘӨК-ның құрылу мақсаты өңірлік бизнестің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, инвестиция тартуда ұйымдастырушылық және экономикалық жағдаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өңірлерде инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту.

Бүгінгі күні мемлекеттік меншіктің бір бөлігін жеке сектордың басқаруына беру дұрыс саналады, себебі жеке менеджмент және көптеген мемлекет меншігіндегі инфрақұрылымдық объектілерден капиталды тартудың созылмалы тиімсіздігің жоюға пайдалы болады. Бұл сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түскен қысымды азайтады. Осындай саясаттың тиімді бағытының бірі бірнеше ірі өңірлік ӘӨК институттарын дамыту болып қаралады. ӘӨК-ның міндеті (миссиясы) өңірлік экономикалық дамудың мемлекеттік және жеке меншіктік секторының бірігуі, кластерлік жүйе негізінде біріңғай экономикалық нарықты құру. Республикамызда жеке меншік секторының белсенділігінсіз әлеуметтік және экономикалық даму мүмкін емес.

Республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуы меншікті сектордың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асады. Қазір меншікті құрылымдар аймақты дамыту мәселелерінен алшақ тұра алмайды, себебі олар өздерінің қызметтерін сол аймақта жүргізеді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін тек табысты инвестициялаумен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті бизнес жүйесін енгізу, пайдасыз өнеркәсіптердің орнына жаңа өндірістер құру және енгізу, мемлекеттік меншікті объектілерін тиімді пайдалану болып табылады.

ӘКК міндеттері:

-Инвестицияларды және экономика субъектілерінің кең ауқымдағы экономикалық үдерістерін тарту;

- өнімдерді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету, табысты тауарларға ұзақ мерзім негізінде тауарларға сұранысты құру;

- қаржылық-тұрақты кәсіпорындармен тиісті кластерлерді біріктіру мақсатымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы байланысты күшейту;

-тиісті кластерлерді құру, және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кластер етіп біріктіру үшін қажетті жағдай жасау;

-ішкі және сыртқы нарықта аймақтың экономикалық беделін арттыру;