Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 16 из 19)

-өнімдерді біртұтас брэнд негізінде ішкі және сыртқы нарыққа шығару және маркетинг;

-ӘКК-ның меншікті сауда үйлерін құруда ӘКК-ның аясында дайындалған өнімдерді іске асыру.

ӘКК шаруашылық субъектілерінің бірлестіктерін кластерлерге тартады. Кластердің өндірістік циклын ұйымдастыру жолымен жаңасын құру, инфрақұрылым объектілері мен жер телімін ұсыну, инновация енгізу, маркетинг базасын қалыптастыру, кластердің барлық шикізаты үшін көтерме бағамен сатып алу есебімен өнімнің өз құнын төмендету, өнімді қайта өңдеу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

Бүгінгі таңда елдегі экономикалық дамуының жалпы аясында ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жақсы емес. Халықтың 43%-ы

ауылды елді мекенде тұрады, олардың үштен бір бөлігі статистикалық мәліметтер бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыс алады. Бұл қоғамның әлеуметтік-саяси ахуалына кері әсерін тигізеді және адамның даму көрсеткіштері мен еліміздің инвестициялық имиджінде көрініс табады.

Ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі саласындағы кластердің дамуына ауылдық елді мекеннің әлеуметтік және саяси жағдайының дамуына әсер етеді. Ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің аз болғандығынан тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпорындары , шаруа қожалықтары өз беттерімен көп мөлшерде қазақстандық өнімді экспортқа шығара алмайды.

Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мүмкіндігінің концентрациясы технологиялық модернизацияның локомотиві және белгілі бір аймақ кластерінің бәсеге қабілетті болып өсуіне әсер етеді.

Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын жағдайдың бірі өнімділік инфрақұрылымның жетіспеушілігі, бірінші кезекте бұл жер құны мен коммуникация жүйесіне қосылу қиындығы болып табылады. Мемлекеттік меншікті активтерді пайдаланбау мәселелері, ӘКК жерлері өндірістік мақсатымен кәсіпкерлік қолдаудың тиімді шарасы болады.

Мемлекеттік коммуналдық меншіктегі ӘКК активтерін, жерлер мен ғимараттарды, тиімсіз немесе пайдасыз кәсіпорындарды табыстаудың маңызды аспектісі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өз қызметінде қолдануы мүмкін. Сонымен қатар ӘКК-ға жүктелетін міндеттер мен қызметтер саны үлкен және оларды бір-бірімен шатастырмау керек.

Кәсіпкерліктің қайта құрылуы ӘКК-ға міндеттелмеу қажет, себебі оның міндетіне өте көп міндеттер кіреді. Оңалту деп кәсіпкерліктерді қайта құру және оның негізінде құрылған бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді айтады. Мемлекеттік тиімсіз кәспорындарды оңалту мен қайта құру талдауы бойынша жұмыстарын аймақтың орталықтандырылған даму инститтары ретінде ӘКК орындау керек. Сонымен қатар олар осы үдеріске өз еркілерімен қатысулары қажет. ӘКК қызметі мемлекет тарапынан реттеуге және оңтайлы болған сайын олардың жұмыстары да сондай тиімді болмақ.

ӘКК активтерді басқаруға, жобаларды тартуға және оларға нақты аймақтың дамуына байланысты қосымша инвестициялар да тарта алады. ӘКК-ның дамуы мемлекеттік тиімсіз кәсіпорындардың негізінде жаңа өндірістер мен технологиялар құруға себеп болады. Осы үдерістің бірінші қадамы болып жергілікті және орталық өкілетті органдарымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүлкін инвентарицазиялаудан өткізу, мемлекет иелігіндегі акциялардың бақылау пакеттерін өткізу болып табылады. Инвентаризация өткізудің нәтижесінде ӘКК-ға берілетін тиімсіз активтер анықталады.

ӘКК аймақтың инновация орталығы, ауыл шаруашылық өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығаратын ірі жеткізуші болады және шағын және орта кәсіпкерлік өнімдерін шағыруға жәрдемдеседі. ӘКК жобаларына қатысу қаржылық, жер, технологиялық ресурстар, ішкі нарық, ӘКК тарапынан кепілдік мүлікпен қамтамасыз етуге рұқсаты бар және бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы жұмыстарын кеңейту мүмкіндігі бар отандық бизнес-құрылымдарға қызықты болады.

Қазақстанда ӘКК-ның қатысуымен отандық өндірушілер шетелдік серіктестіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндігі бар, онда отандық шикізат пен шетелдік технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығаруларын арттырады. Қытай, Ресей, Қырғызстан секілді көрші елдердің көрсеткіштері үлгі бола алады, онда жергілікті және шетелдік кәсіпорындардың тоқыма өнеркәсібінде жергілікті шикізат пен шетелдік технологияны қолдану, сонымен қатар шетелдік компаниялар шығаратын әлемге танымал киімдер маркасы, жергілікті шикізат пен еңбек ресурстарын қолдану арқылы тоқыма өнімін өндіру бойынша кәспорын филиалдары дамып келеді.

Сонымен қатар ӘКК жобаларын іске асыру үшін салық салу кезінде заңға сәйкес уақытша жеңілдіктер енгізу - өндірістік фокусты өзгерту негізінде табысы аз кәсіпорындардың дамуына және инвестициялық преференция түрінде жаңа тауар номенклатурасын ендіруге мүмкіндік туады. ВТО құрамына енетін Қазақстан отандық кәсіпорындарды белсенді консалидация қажеттілігін түсіну қажет. Олардың өнімі импорттық нарыққа, атап айтқанда, мемлекеттің ӘКК-ға қатысуы белгілі бір дәрежеде отандық өндірушілердің қолдауының кепілі деуге болады.


3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау

Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы - халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші. Жоспарлы бағыттар шаруашылық басқарудың құралы ретінде пайдалануға болады. Басқарудың макроэкономикалық моделінде көрсеткіштердің негізінде мына жүйеге негізделген ең төмен жиынтық:

-экономикалық дамудың индикаторы - өнімнің өсу қарқыны мен көлемі, өндірістік шығындардың құрылымы (материалдық, еңбекақы төлемі т.б.) пайдалылығы, салық салу ауырлығы, инвестициялық белсенділік;

-әлеуметтік индикаторлар - өнім шығармайтын саланың дамуы деңгейі мен бастау көздерінің динамикасы, жұмыссыздық деңгейін бағалау мен жұмыспен қамту, халықтың нақты және номиналдық табысы және шығындардың құрылымы, халықты әлеуметтік қолдау көрсеткіштері;

-жалпы көрсеткіштер - инфляция факторы мен деңгейін бағалау, шаруашылық субъектілерінің шығындары мен кірістері (тұрғын халық, материалдық қызметтерге жатпайтын сала тауар өндірушілер, аймақтың бюджеттік емес қордың бюджеті, федералдық бюджет), аймақтың әлеуметтік-экономикалық үдерісін экономикалық реттеудің маңызды параметрлері.

Аймақтық басқарудың көрсеткіштері деп мыналарды айтуға болады:

-валовтық аймақтық өнімнің ақшалай қорға қарым-қатынасы;

-ақшалай қордың материалдық құндылықтарды есептемегенде кәсіпорындардың айналымдық қаражатқа қарым-қатынасы;

-бір жұмысшыға өндірім және басқарудағы бір жұмысшыға келетін таза активтердің көлеміне қарым-қатынасы;

-аймақтағы басқаруға кететін шығын үлесі.

бұл модельді елестету үшін аймақтардың көрсеткіштерін талдау керек. Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары арасында салыстырмалы талдау жүргізейік.

Оңтүстік Қазақстан облысының негзгі экономикалық даму индикаторы 1-кестеде көрсетілген. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсібімен өнімдер (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 134125,7 млн. теңгеге алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8,1 %-ға артық, ауыл шаруашылығының валдық өнімінің көлемі 9,6%-ға өскен және ол 80421,9 млн теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестициясы 1,44 есе өсіп 45231 млн. теңгені құрады. Жалпы алғанда ОҚО-на 383 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,21 есе артық. Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,31 есе артып, 61736,9 млн. теңгені құрады.

Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда жоғары, өсу деңгейі 113%, мұндай өсулер Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында және Шымкент қаласында байқалды. 2004 жылы ішкі айналым көлемі 749,5 млн.долларды құрады, экспорт 1,48 есеге өсіп, 442,4 млн. теңгені құрады, ал импорт 1,52 есеге өсіп, 307,1 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген мақтасы (облыс экспортынан 41,6%), мұнай өнімдері (19,6%), бидай ұны (6,5%), қорғасын (3,7%). ресми инфляция 5-6%, тұтынушы бағасы 4,8%-ға өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-ға төмендеді.