Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 3 из 19)

Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың әртүрлі деңгейлерінің қорлық құрастырушылары басқару жүйесінің басқа әрекеттесуші элементтерімен әр түрлі деңгейде, бірақ тығыз байланысқан. Осылай, мысалы, басқарудың әкімшілік - шешуші әдістері аймақты тікелей басқаруы керек. Осы әдісті сипаттайтын кең таралған мазмұнды бөлімдері болып аймақтық және республикалық сипаттағы нормативті – заңдық актілер, бұйрықтар, қаулылар табылады.

Сондай әкіммен аймақтық деңгейде қабылданушы басқаратын шешімдерді негіздеу мақсатында, мысалы, мына басқару тәсілдері: үйлесімді, аналитикалық, еліктеу, болжаушылық, ұйымдық шешімдердің деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуына реттеуші шешімдер.

Аймақты басқарудың лайықты өлшеммен толықтырылған функцияларының әрбірі (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау) аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуына тура және жанама басқаруға әсер етеді. Барлық қажетті жоспарлау-есептеу негіздемелерінің барлық түрлері аймақтың ауылшаруашылығының экономикалық және әлеуметтік өсуінің қажетті динамикасы салыстырмалы даму жоспарлылығын сақтауға бағытталған.

Ақыр соңында, әлеуметтік - экономикалық саясат халықтың әл-ауқаттын жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Ол елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде барлық аймақтардың талпыныстарын біріктіруі кезінде мүмкін.

Аймақты басқарудың әлеуметтік жағы әлеуметтік әділеттілік және азаматтардың тең құқылығы сияқты демократиялық қоғам принциптарында көрсетіледі. Мына позициядан балансталған аймақтық даму өмір сапасы адамдарға өмір сүруге және жұмыс істеуге тура келетін аймақтан тәуелді болмайтынына кепіл болуы тиісті.

Сайып келгенде, аймақтық саясатқа сай аймақ «дискриминациясы» үшін әлеуметтік көзқараста, азаматтардың мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюларынан құтылуға қажеттілікпен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық саясат халық табыстарында, жұмыссыздық деңгейінде, әлеуметтік инфражүйеге, транспорттық жүйеге, коммуникацияларда , қоршаған орта күй-жағдайында және т.б. аймақ аралық ерекшеліктердің тегістеуіне тиісті бағытталған болу керек.

1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)

Ең алдымен, қолданылатын сөздік қорымен анықталып алу керек. Аймақтық басқару және аймақтық менеджмент терминдері тепе-тең.

Аймақтық менеджмент (аймақтық басқару) арнайы менеджменттің бір түрі ретінде өзімен принциптардың, әдістердің, аймақ шаруашылық қызметіне әсер құралдарының және түрлерінің жиынтығын құрады.

Сонда:

- муниципальдық басқару - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоғам қажеттіліктерін заңмен айқындалған муниципальдық шаруашылық арқылы қанағаттандыруына бағытталған қызметі;

- муниципальдық білім - қалалық, ауылдық, жалпы аумақпен біріктірілген бірнеше елді мекен, елді мекен бөлігі, ел заңына сәйкес басқа қоныстанған аумақ шектерінде жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асатын, муниципальдық меншігі бар, жергілікті қаражат және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары болады;

- муниципальдық шаруашылық - халықтың ұжымдық (қоғамдық) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған муниципальдық білім аумақтарына шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мекеме және кәсіпорындардың жиынтығы.

ҚР «ҚРдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сәйкес «жергілікті мемлекеттік басқару - жергілікті өкілдік және атқару органдармен мемлекеттік өткізу мақсаттарында лайықты аумақтарға жүзеге асатын, қазіргі заңмен және басқа заң шығаратын актілермен айқындалған қызмет». Бұл жағдайда, Қазақстанда аймақтық және жергілікті басқару терминдері тепе-тең. « Жергілікті өзін-өзі басқару » ұғымы мемлекеттік құрылым ерекшелігін, бөлек алынған елдің мемлекеттік басқаруының қабылданған үлгісін көрсетеді.

« Жергілікті өзін-өзі басқару» (local government ) ұғымы Ұлыбританияда, классикалық муниципальдық түрлердің отанында, олардың басқа мемлекеттік органдардан шек қою критерийі-ол олардың орталық өкіметке қарама-қарсы жергілікті болуын көрсетеді Екінші белгі, мемлекеттік механизмда муниципальдық буынның астын ерекше сызушы,- жергілікті басқару органдарының ұйымдық және функционал дербестік айқындалған формалдық кепілдіктері. Бірлестіктер сияқты оларға муниципалитет статусы жатады. Муниципальдық бірлестік сауда, жеке және мемлекеттік бірлестіктерге қарағанда олардың мемлекеттік-сауда функциясын ескере отырып құрылады. Муниципалитеттердің формалдық кепілдіктері белгілі қаражат дербестігі және заңмен анықталған шектердегі жергілікті норма жасаумен дәлелденеді. Муниципальдық мекемелердің мемлекеттік аппараттың басқа буындарынан ұйымдық ерекшелігін көрсеттін үшінші белгі, ол- әрбір муниципальдық бірлік басында халықпен сайланушы орган тұру тиісті.

Жергілікті өзін-өзі басқару – халықтың жергілікті орындарда басқарудан алыстауын жеңу және олардың әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерін қызметтер кешенін беру жолымен барынша көп қанағаттандыру мүмкіншілігі.

Бірнеше елдер қатарында « жергілікті мемлекеттік басқару », « жергілікті өзін-өзі басқару» және «муниципальдық басқару» терминдері тепе-тең, ал Қазақстанда бұл ұғымдарды айырады.1,2

Аймақтық менеджментті нарықтық экономика шарттарында аймақтың әлеуметтік - экономикалық процестерін басқару ғылымы және тәжірибесі сияқты қарастыруға болады. Аймақтық менеджменттің ғылыми негіздері - бұл ғылыми білімдер жүйесі, оның теориялық базасы: аймақтық менеджмент принциптері, аймақтық менеджмент әдістері және үлгілері, аймақтық менеджмент механизмдері, аймақтық менеджмент жүйесі. Біздің елімізде аймақтық менеджмент ғылыми негіздері құрылу сатысында тұр. Үлкен кеңістіктерімен, табиғи - климаттық, ұлттық, тарихи және басқа ерекшеліктердің әр алуандығымен шетелдік тәжірибе Қазақстан территориялық ұйымдасуы ерекшілігіне аз жарамды. Әйткенмен, нарықтық экономикасы бар елдерде аймақтық менеджмент құру тәжірибесі біздің өзіміздің меншікті тәжірибемізді талдау үшін, сонымен қатар оның кейбір элементтерін Қазақстанда аймақтық менеджменттің қалыптасу жүйесі үшін қолдану мүмкін.

Басқару ғылымы ретінде аймақтық менеджменттің алдында аймақтық дамудың мақсаттарына нәтижелі жетуді қамтамасыз ететін механизмдер, әдістер және құралдарды табу және өңдеу мақсаты тұрады.

Шаруашылықты басқарудың жоспарлы - нұсқаулық жүйелерінен аймақтық басқаруға көшудің мәні осындай өзгертулерде:

- аймақтың дамуын әлеуметтік проблемалардың шешіміне, қоғамның жоғары құндылығы ретінде адамның тіршілік әрекетінің жоғары дәрежесін және жоғары сапасын қамтамасыз етуші шарттардың ұдайы өндірісіне бағыттау;

- экономикалық бостандық және шаруашылық дербестікгі принциптарын аймақтың барлық шаруашылық етуші субъектілерімен орындауға арналған ұйымдық - экономикалық шарттарды құру;

- аймақтың инвестициялық және құрылымдық саясатын нарықтың қажеттіліктері мен сұранысына, тұтынушылардың ішкі және сыртқы аймақтық сұранысына бағыттау, және аймақтың қаражаттық дербестігінің жоғарылауына жағдай жасай алатын, аймақ аралық және шетелдік нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру;

- аймақтың ағымдағы және стратегиялық дамуы бағдарламаларын өңдеу және орындау негізі ретінде аймақтық маркетингті дамыту және құру;

- аймақтағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және экологиялық жағдайды бақылау және жүйелік талдауды жүзеге асыруға арналған заманға сай ақпараттық база қолдануымен аймақтық статистикадан аймақтық мониторингіге көшу;

- аймақтың экономикалық даму деңгейі және халықтың тіршілік әрекеті деңгейі (әлеуметтік стандарттар , қаражаттық қамтамасыздық , табыстардың құрылымы және жанұялардың шығыны, экология, демографиялық жағдай, экологиялық қауіпсіздік және т.б.) дәрежесінің сәйкестіктеріне байланысты аймақтық менеджменттің ақырғы нәтижесін бағалау.