Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 5 из 19)

Реформаны жүзеге асыру үшiн қажеттi iшкi ресурстардың болуы. Жергiлiктi басқару институтының болуы. Республикада əр түрлi деңгейде басқарудың оңтайлы модельдерiн iздестiру жүргiзiлуде. Белгiлi бiр функциялардың, өкiлеттiктердiң, қаржылық жауапкершiлiктердiң орталық Үкiметтен мемлекеттiк билiктiң одан төмен тұрған деңгейлерiне берiлуi жүзеге асырылуда. Əкiмдердiң тiптi дамыған елдерде қабылданған нормалардан бiрсыпыра асып түсетiн кеңiнен жария етiлген өкiлеттiктерi жауапкершiлiктiң қазiргi көлемiмен салыстырғанда нақты өкiлеттiктiң жай-күйiне талдау жасау қажеттiгiн көрсетедi.

Əлсiз жақтар

Жергiлiктi басқару органдарының басшыларын тағайындаудың қазiргi жүйесi олардың халыққа есептiлiгi мен бақылаулы болуын қамтамасыз етпейдi.

Өз араларындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң айқын ажыратылмауы салдарынан билiктiң əр түрлi деңгейлерiнiң арасында жауапкершiлiктi бiр-бiрiне арту мен тартыстар. Жергiлiктi өкiлдi органдардың əлсiздiгi жəне олардың жергiлiктi атқарушы органдарға тəуелдiлiгi. Жергiлiктi жерлерде жəне аймақтық əкiмшiлiктерде орталық органдардың функцияларының қайталануы.

Мүмкiндiктер

Қоғамның тұтас алғанда мемлекеттiк басқару жүйесi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiн мемлекеттiк басқару негiздерiн демократияландыруға қарай реформалау қажеттiгiне түсiнiстiкпен қарауы.

Əлемдегi орталықсыздандыру процесiнiң қазiргi мол тəжiрибесiн зерделеу ортақ үрдiстер мен заңдылықтарды анықтауға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасынан мемлекеттiк басқару жүйесiн демократияландыруды талап ететiн əлемдiк экономиканың ғаламдану үрдiсi.

Қатерлер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелерi назар аударуды талап етедi. Бұған қоса, аймақтардың басшыларының сайланбалылығына асығыс түрде көшуге жол беруге болмайды, өйткенi тiптi сепаратистiк үрдiстердiң туындауына дейiн дерлiк саяси тұрақсыздық, ұлтаралық егес туындау қатерi бар. Аймақтардың əр түрлi экономикалық əлеуетiне байланысты ойластырылмаған бюджеттiк орталықсыздандырудың да терiс əсерi болуы жəне аймақтардың əлеуметтiк қызметтермен бiркелкi қамтамасыз етiлмеуiне алып келуi мүмкiн.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР

Нарықтық экономика құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз жəне басқару органдарының жұмысын бақылаусыз əдiлеттi нарықтық бəсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес.

Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi жəне экономикалық, əлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.

Сонымен бiрге орталықсыздандыру процесi орталық мемлекеттiк органдардың рөлiн төмендеудi бiлдiрмейдi, олар мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары үшiн жауапты болып қала бередi жəне жергiлiктi билiк органдарының қызметiн заңнамалық актiлер мен бюджетаралық трансферттер жүйесi арқылы

реттейдi.

Қазақстандағы орталықсыздандырудың негiзгi мiндеттерi:

- билiктiң əр түрлi деңгейлерiнiң арасындағы қызмет, функциялар жəне жауапкершiлiк салаларын айқын шектеу;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың пəрмендi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау;

- демократиялық мемлекеттiң iргетасы ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу.

1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі

Аймақтық басқару әдістері (менеджменттің) аймақтың нарық шаруашылығы жүйесімен ескертілген. Аймақтық басқару әдістері астарында аймақтың шаруашылық етуші субъектілеріне әсер етуші құралдар жиынтығын түсіну керек. Аймақтық басқару әдістерінің топтастыруына келесі әдістер кіреді:

- әкімшілік (ұйымдастырушылық - басқарушылық);

- экономикалық;

- әлеуметтік – психологиялық;

- тәрбиелеушілік және т.б.

Басқару қызметі ақылменен әкімшілік әдістерді қолданусыз болмайды (оларды жиі ұйымдастырушылық - әкімшілік немесе ұйымдастырушылық - басқарушылық деп атайды). Олардың көмегімен тұрақты байланыстар және арақатынастар, басқару аппараты бөлімшелерінің, бөлек қызметкерлердің құқықтарын және жауаптылығын ескеретін жайлар түріндегі басқарудың негізгі жүйелері қалыптасады.

Әкімшілік әдістер бастықтардың, меншік иелерінің өз қарамағындағыларына тура әсер ету жолымен іске асады. Ол жасалған келісім-шарттар, әкімшілік бұйрықтар арқылы, әртүрлі жайлар, ережелер, нормативтер және басқа құжаттар, қарамағындағы адамдардың ұйымдық қызметін реттейтін, олардың тиісті тәртіп және жауаптылықты қамтамасыз етуші айқын жұмысы негізінде жүзеге аса алады. Әкімшілік әдістердің қолдану масштабтары басқарушы орган мақсаттарымен, өндіріс ұйымдару деңгейімен, шешім қабылдаушы қызметкерлердің мамандығы және мәдениетімен анықталады. Параметрлер неғұрлым толық келтірілсе, соғұрлым әкімшілік араласуға қажеттілік азырақ.

Экономикалық басқару әдістерінде қажеттілік артуы заңды. Себебі, жеке кәсіпкерлік дамуы шарттарында халықтың артып бара жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарының күрделі жиынтығын әрқашан нұсқаулық әсер арқылы шешу мүмкін емес. Экономикалық әдістердің мәні тұтынушы және қызметкерлердің экономикалық назарларына баға, еңбек ақы төлеу, несие, пайда, салықтардың және жұмыстың нәтижелі механизмын жасауға мүмкіндік беретін басқа экономикалық рычагтар арқылы әсер ету. Экономикалық әдістер басқарушы қызметкерлердің қабылданған шешімдерге жауаптылығын ескеретін, қызметкерлердің қойылған мақсаттарды арнайы бұйрықсыз ынталы жүзеге асыруына түрткі болушы стимулдарды қолдануға негізделеді.

Экономикалық басқару әдістерінің ерекшеліктері мынада:

- қорлармен маневр жасауға мүмкіндік беруші жалпы ережелерге негізделеді;

- өндірушілерге және тұтынушыларға жанама әсер көрсетеді, арақатынас жүйесі арқылы ұжым және бөлек қызметкерлердің назарларын ескереді;

- барлық деңгейлерде оған бір уақытта қабылданушы шешімге және зардаптарына жауаптылық қойғанда кәсіпорын дербестігін болжайды;

- орындаушыларды баламалық шешімдерді дайындауға және олардан ұжым назарына ең лайықтыларын таңдауға түрткі болады.

Қазіргі заманда экономика территориялық дамудың дифференцияциаланған проблемасымен сипатталады , сол себепті мемлекетке аймақтардың дамуында теңдікті қамтамасыз ету үшін, проблемалы аумақтардың сүйеуіне, аймақтық бәсекені жөнге салуға, әлеуметтік - экономикалық дифференцация тегістеуіне іс-әрекеттер өңдеу қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт сипатталады, бірақ қазіргі уақытта Қазақстанның экономикалық дамуына нәтижелі аймақтық реформалар өткізуге рұқсат етеді.

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау негізінде жататын маңызды ұғымдарды қарастырайық.

экономикалық проблемаларды жою, басу, жұмсарту мақсаттарына бағытталған басқару органдарымен өзара байланысты бағдарламалық жүйелер өңдіру және өткізу (қатысушыларды, орындаушыларды тартумен) арқылы шешу тәсілі болып табылады.

Бағдарламалық - мақсаттық жоспарлауға және басқаруға келесі мінездемелер тән:

- мәселенің шешімін табу үшін жету керек мақсаттарды айқын көру және жүйеге келтіру, оларды «мақсаттар ағашы» түрінде ұсыну;

- жүйелік ұйымдастырушы мақсаттар жиынтығынан мақсатты жүзеге асыру әрекеті, оларды өткізу проблеманың әлсіреуіне немесе алынуына әкелетін шаралар жүйесіне көшу;

- берілген мерзімде бағдарламалық шаралардың жүзеге асыруына арналған құралдарды, қорларды және қорлардың түсу көзін құру;

- басқарудың ұйымдастырушылық - экономикалық механизмдарын айқындалған іс-әрекетті орындаумен, олардың орындалуын басқару органдарының жағынан бақылау және қамтамасыз етумен іске қосу.

Бағдарламалық - мақсаттық әдіс формуласын ең қысқа түрде «мақсаттар - жолдар - құралдар – орындалуды ұйымдастыру» логикалық тізім түрінде ұсынуға болады.

Қазіргі уақытта аймақ бастықтарының көпшілігі өз аумағының экономикалық даму стратегияларын өңдеу қажеттілігін түсінуіне келді. Әдетте, аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасын бастап жасаушы әкімшілік болып табылады, ал бағдарламаны таныстырушы құжат құрылымы мемлекет деңгейіне лайықты құжаттардың құрылымымен сәйкес келеді. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары экономиканың ірі бағыттары мен бұтақтарына мақсат болып декомпозицияланады, олардың орындалуы аймақ әкімшілігінің сәйкес құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі. Соның өзінде тек екі субъекті ғана назарға қабылданады: әкімшілік және мемлекеттің өзі. Бағдарлама мақсаттары жиірек әкімшілік хабардарлық деңгейінен асып кетеді, бірақ, олар мемлекет деңгейінде іске асырылуы мүмкін. Бірақ бір факт еленбейді - заңға сүйінген мемлекетте шаруашылық етуші субъекті ретіндегі мемлекеттің хабардарлық деңгейіне де шек қойылған. Сонымен қатар, көп жағдайда бар бағдарламалар аймақтық әкімшіліктің ұсынулары олардың болашақ туралы көзқарасын қайтарады. Жоғарғы деңгейден қосымша қорлар алу үмітінде өз мақсаттарын өкімет органдарының мақсаттарымен сәйкестендіреді. Бұл жағдайлар осы құжаттың пайда болуына әкелді. Негізгі мақсаттары 1 суретте келтірілген.