1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл
Аймақтық экономиканы басқару күрделі және көп қырлы проблема болып келеді.Онда ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік сұрақтар шырмалады, олардың шешіміне жүйелік әдісті қолдану лайықты. Сондықтан жүйелік талдау аймақты басқаруда әмбебап методология бола алады. Ол барлық сыртқы және ішкі орта құбылыстарын бірлікте қарастыратын ойлау бейнесін қалыптастырады. Соның өзінде аймақты жүйелік басқару барлық құбылыстарды бірыңғай бүтін сияқты қамтуы болжайды, олардың объективті бағалауын, барлық өзгергіштердің есебін, жаңа тенденциялардың болжауын.
Жүйелік талдау әдістері ғылымдарда жиі қолданылады. Рационал емес әрекеттерді қақпалауға арналған, әртүрлі шешімдердің зардаптарын табу мақсатымен процедураларды қолдану жаңалық болып келеді. Мысалы, облыс әкімі қаланың ескі бөлігін бұзуға және жерді жарыс сауда арқылы таңдаулы үйлерді тұрғызуға кәсіпкерлерге беру туралы шешім қабылдады. Бұл микроаудан тұрғындарының митингілеріне әкелді. Жүйенің бөлігі ретіндегі (қаланың) ішкі жүйе бұзылу фактісі көз алдымызда (микроауданның). Бұл жағдайда жүйелік талдауды қолдану даулардан құтылуға немесе болған әрекеттердің зардаптарын азайтуға көмектеседі.
Жүйені бірнеше белгі мінездемелейді: эмердженттілік; синергеттілік; мультипликаттілік, сыйысушылық, құрылымдардың болуы және кері байланыс.
Эмердженттілік жүйе мақсатының оның бөлімдеріне кіруші бөліктердің мақсаттарымен сәйкес келумеуін білдіреді. Дәл осылай, мысалы, жергілікті өкімет органдары жүйесінің мақсаты салық түсімінің барынша көп көлемін алуда түзеледі, ал кәсіпорындардың және ұйымдардың ішкі жүйелерінің мақсаты өз табысын максимизациялау, төленетін салықты минимизациялау. Ішкі жүйелердің элементтердің мақсаттары жүйелер мақсаттармен сәйкес келмейтіні анық. Бұл жағдайда басқару өнері компромис табуда.
Синергеттілік әрекеттердің бірбағыттылығын анықтайды, жүйе рамкаларында тырысу интеграциясын болжайды, ол ақырғы нәтиже өсуіне ертіп әкеледі. Аймақтық экономиканы басқаруда синергеттілік өмір жағдайын жақсартуға ұмтылуда аймақ халқының саналы бір жаққа бағыталған қызметін білдіреді. Аймақты басқару жүйесі синергетикалық әсерді қамтамасыз ететін байланыстарға ие екендігін анықтау маңызды, яғни әрбір компонент бөлек әрекеттескенге қарағанда беру жиынтығы жоғарырақ нәтиже береді. Жүйенің барлық құрастырушыларын өзара байланыстыратын, дербестік және субординацияның, құқықтардың және міндеттердің теңдігін қамсыздандыру үшін жұмыс істейтін айқын механизм бар болуы тиісті.
Мультипликативтілік жүйе жасаушы белгі ретінде жүйе нәтижелілігін көбейтуге бағытталған басқарушы әрекеттерді білдіреді. Мысалы, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін реформалауды ойластыру саясаты тұрақты экономикалық өсу шегіне жетуге көмектеседі, ол, ақыр соңында, жалпы ұлттық өнімді үлкейтеді, демек, инвестиция құралдарын, әлеуметтік бағдарламаны.
Жүйе бөлімдерінің өзара икемделушілігін және адаптивтілігін сәйкестілік мінездемелейді. Мемлекет деңгейінде күрделі жүйеле ретінде ұлттық экономика мен аймақтардың экономикасы арасындасәйкестілік проблемалары көрінеді. Мысалы, Қазақстанда, бай табиғи қорлары немесе аса тиімді өндірісі бар донор - аймақтар өз табысының бір бөлігін амалсыз орталыққа беруі тиіс. Оларды аяғында дотациялық аудандардың мұқтаждықтарына бағыттайды, ал бұл болса трансферттерді және аймақ аралық басқа құралдарды таратуда әртүрлі қайшылықтарға алып келеді. Тек қана аймақтардың қаражаттық мүмкіншіліктердің терең жүйелік талдауы резервтерді айқындауға және дамудың нәтижелі жолдарын табуға көмектеседі.
Жүйенің келесі белгісі обьектілер және элементтердің реттілігін, олардың арасындағы байланыстардың тұрақтылығын және иерархияны анықтайтын басқару құрылымының болуы. Әрбір ұйымдастырушылық түр оған қойылған жүйе элементін басқару функциясын тек қана сапалы орындап қана қоймай, сонымен қатар шапшаңдықпен, әрекеттердің үйлестігіне қабілеттілікпен, басқаратын шешімдердің сапасымен, ең аз шығындармен сипатталатын үйлесімді ішкі құрылымы болу керек.
Басқарудың аймақтық құрылымы жататын күрделі жүйелердің түпкі қасиеті кері байланыс құру боп табылады. Ол ақпарат жүйе шығуынан сол жүйенің кіруіне түсетінін білдіреді, бұл дегеніміз, тұрақты түрде талдау жасау және айқындалған мақсаттармен салыстыруға, стратегиялық шешімдер қабылдауға рұқсат етеді.
Аймақтық экономиканы басқаруға жүйелік жақын келудің негізгі мазмұны болып басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, шапшаң басқару, мониторингі, бақылау, есеп және т.б.) қызметтің дербес түрлері сияқты бөлек орындалмай, комплексті, аумақты басқарудың барлық жүйелерінің жұмысын есепке ала орындалады. Басқаша айтқанда, барлығы жүйені және оның мақсаттарын айнала айналады, функциялар бұл мақсаттарға жетудің құралы сияқты қарастырылады.
Жүйелік талдау бірінші белгісі болып проблеманы дұрыс қою болып келеді. Басқаша оны жүйені құру сияқты анықтауға. Ол дегеніміз:
- проблеманы ойластыру қажет;
- оның қаншалықты терең қойылу керектігін анықтау;
- сәйкес мақсаттарды келістіру;
- баламалық шешімдердің бағалау белгісін анықтау.
Аймақтық даму көзқарасынан келесі проблемаларды белгілеп қоюға болады:
- толық құнды баспана нарығын жасауы;
- азық базасының жақсаруы және онан ары дамуы;
- елдің өнеркәсіпті - иннервациялық бағдарламасының орындалуы;
- халық өмірі сапасының және әл-ауқаттының жоғары дәрежеге жетуі;
- нарықтық инфражүйелер институттарының дамуы - құнды қағаздар нарығының, қаражаттық аспаптар нарығының, сақтандыру қызметтерінің, банкілік және банкіліксіз мекемелер нарығының.
Аталған проблемалардан ең бастысын алып қою керек, ол таңдау жергілікті өкіметтердің шешімінен, зерттеуші тәжірибесінен және басқа факторлардан тәуелді болады.
Екінші белгісі - талдаудың жүйелік бағыттылығы. Бұл проблеманы зерттеу шекараларын кеңейтуге ұмтылу. Мысалы, егер біз адамдардың әл-ауқаттылығын зерттесек, онда халық санына жалпы аймақтық өнім, жұмыс бастылық өсу шегі, орташа еңбекақы, күнкөріс минимумының өзгеруі, нақты табыстардың,инвестициялардың динамикасы, қызметтер сферасын кеңейту, баспана қамтамасыздығы сияқты көрсеткіштердің динамикасына талдау жасау қажет.
Үшінші белгі анықсыздық есебі қажеттілігінде. Бұл құбылыстардың болу мүмкіндігінен шығады. Проблема неғұрлым қиын, соғұрлым ол үлкен кезеңді басады, соғұрлым анықсыздық көбірек.
Төртінші белгі бар альтернативаларды жақсартуда емес, жиынтығын максималды кеңейтуде. Ешқайсысы қанағаттанарлықтай болмайтын бар альтернативаларды салыстырғанша, жаңа альтернатива шығару анағұрлым құнды. Осылайша, егер біз ұлттық мақсат ретінде әл-ауқаттылық жоғары дәрежеге жетуін таңдасақ, онда мына мақсатты қамтамасыз етудің бірнеше альтернативасы бар болады: мысалы, жағармайлық - энергетикалық қорлардың экспорты жолымен, инновациялық және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, немесе аз және орта кәсіпкерлік дамуы арқылы.
Бесінші белгі нақты жүйеде шешім өңдіруде тәжірибе жасау мүмкінсіздігімен сипатталады. Техникалық жүйеден айырмашылығында, аймақтық басқару жүйесінде барлықғы адаммен байланысты, оның назарымен, көзқарасымен. Сондықтан бесінші белгі ғылыми стандарттарға жетуге ұмтылуда:
- тексеру - процедуралардың және әдістердің негізінде алынған нәтижелер басқаларымен қайта алына алады ;
- айқындық - есеп-қисаптарды, алғы шарттарды, тексерілген деректер, сын, контраргументерді қолдану ;
- объективтлік - қорытынды адамдардан, абырой немесе жеке назардан тәуелсіз.3,4,5
Жүйе мақсаты - бұл объекті және оның параметрлерінің болашақтағы жай-күйі . Мақсат жүйе жұмысының нәтижелілігін бағалау критериі болғандықтан, анық және дәл мақсаттар бар болуында әрбір жеке адам өз жетістіктерін ұғынады және қанағаттандыру алады .