Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 9 из 19)

Осылайша, нарықтық экономикасы дамыған елдерде жергілікті басқару түрлерінің кең диапозоны байқалады.

2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы

Ұлыбританияның мемлекеттік жүйесі тұрақтылықты және нәтижелілікті демонстрацияласа да, ел үкіметі оның бөлек элементтерін толық жетілдіру мақсатында тұрақты іс-әрекет жасайды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. 1999 жылғы Ұлыбритания премьер - министрі Тони Блэр « Үкіметті жаңарту» атты Ақ кітапта жарияланған мемлекеттік басқаруды реформалаудың ұзақ уақыттық бағдарламасын ұсынды. Өзгертулердің мәні « азаматтарға және кәсіпкерлікке жақсы өмір істеу» ұранында айтылған болатын. Үкімет реформаның негізгі мақсаттарын анықтады : стратегиялық мақсаттарға бағытталған мемлекеттік саясатты өңдеуге комплексті жақын келуді қамтамасыз ету, қызметтің халық тіршілігіне, қажеттіліктеріне пайдасын жоғарылату, азаматтарға берілетін мемлекеттік қызметтерді жоғары сапаға жеткізу және оларды таратудың нәтижелі механизмін жасау.

Бұл мақсаттарға жету үшін мемлекеттік басқару органдарының жұмысын сайлаулы, нақтылы проблемаларға және қоғам әлеуметтік топтарының нақты қажеттіліктеріне бағытталған, сонымен қатар оған мекеме арасындағы қарым-қатынасты жеңіп, интеграциялық мінез-құлық беру.

Ақ кітап мемлекеттік басқару органдарының жұмысын реформалаудың басты бес бағыттарын белгілейді. Оларды орындау оның нәтижелілігін және сапасын жоғарылатуға бағытталған:

- конъюктурлы факторларды емес, жалпыұлттық назарды және стратегиялық мақсаттарды есепке ала мемлекеттік саясатты өңдеу әдістерін толық жетілдіру.

- әртүрлі әлеуметтік топтарды назарға ала отырып мемлекеттік қызметтерді таратудың мақсаттылығын және жауаптылығын күшейтуі.

- мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және нәтижелігін жоғарылату , инновациялық әдістерді, прогресшіл практикалық тәжірибені енгізу .

- мемлекеттік басқаруда азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру және қызметтерді электрондық жүйе арқылы тарату үшін ақпараттық технологияларды қолдану.

- мемлекеттік қызметті қызмет етушілерді ынталандыру жүйелерін өзгерту жолымен жаңарту, жұмыс көрсеткіштерін бағалау жүйелерін жақсарту, сонымен қатар ұқсас қызметті ақаруғаәйелдерге, әр түрлі ұлт өкілдеріне , мүгедектерге кең рұқсат беру.

Жергілікті басқаруды толық жетілдіру механизмдері . Өзін-өзі басқару әкімшілік - территориялық бірліктерде халықпен төрт жылға сайланушы кеңестер арқылы жүзеге асады. Білім беру сұрақтарымен, әлеуметтік қызметтермен, қоғамдық қауіпсіздікпен, баспана , транспорт және т. б. айналысатын жергілікті басқару жүйесінде 2 млн . жуық адам жұмыс істейді, соның ішінде білім беру облысында қырық пайыз. Орталық министірліктер және ведомтстволар жергілікті органдарды недәуір мөлшерде, ең алдымен қаражаттық сферада (олардың қаражаттық қорларының сексен бес пайызы орталықтандырылған ретте түседі ) бақылайды.

Жергілікті басқару органдарының бастықтары және қызметкерлері өз қызметінде ұлттық мінез-құлық кодексін басшылыққа алу тиіс. 1997 жылы қоғамдық өмір стандарттары комиссиясы жергілікті өкімет органдарының әрбіріне Ұлттық кодексті негізге алып өз мінез-құлық кодексін өңдеуді ұсынды . Ақпарат беру сұрақтарында, мердігерлер және демеушілер арақатынасына, саяси бейтараптық және басқаларына ең аз стандарттар бөлінген жергілікті бастықтарға арналған кәсіптік кодекстерге ерекше назар аударылған

1998 жылғы үкімет жергілікті басқаруды жаңарту туралы демократия дамуына және жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталған құжаттар қатарын жариялады. Сонымен бір уақытта халыққа арналған сапалы қызметтерді қамтамасыз етуіге жауапты жергілікті өкімет органдарының қызметі негізінде жаңа принциптерді қосатын « жақсы құндылық » концепциясын мақұлдады .

Жергілікті басқаруды толық жетілдіруге тырысу көптеген каналдармен іске кіріседі , бірақ негізгі назар келесі сұрақтарға бөлінеді:

- жергілікті ұйымдардың жұмысына сапамен басқарудың әртүрлі үлгілерін енгізу;

- қоғамдық секторлардың барлық топ өкілдерінен құрылатын 25 жергілікті секторлар кіретін ұлттық ақпараттық жүйенің сапамен дамуы ;

- жергілікті ұйымдардың прогресшіл тәжірибелілерін таратуға және инновациялық ойларды сүйемелдеу үшін интернет мүмкіншіліктерін қолдану;

- қазіргі заман тәжірибесін зерттеуге және ұйымдардың жақсы жұмыс көрсеткіштерін салыстыру жобасын орындау.

Жергілікті өкімет органдарының қызмет сапаларын жоғарылату үлгілері арасында (сапа схемаларының) ең кең таралған :

- «жұмыста басымдық» үлгісі, стратегиялық құндылықтарға тұрақты бағытталған ұйым мүмкіншіліктерінің өзара байланыстарына және қызметі нәтижелеріне негізделген, жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуға көмектеседі ;

-«Хартия белгісі »- өзін-өзі бағалау және тексеру негізде олардың қызметтерінің сапасын жоғарылатуды ынталандыру мақсаттарында қоғамдық сектор мекемелерін марапаттау жүйесі;

-«Қызметкерлерге инвестиция»-оқуға құралдарна және қызметкерлердің дамуына салымдар салу нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталған ұлттық стандарттар және әдістемелер;

- «ISO - 9000» үлгісі - жұмысшы процестердің және құжат айналымын нәтижелілігін сапаны басқару негізінде қамтамасыз ететін әдіс;

-«жергілікті басқаруды толық жетілдіру бағдарламасы»- мамандар тобымен зерттеу негізінде оның органдарының жұмысының әлсіз және күшті жақтарын бағалау процесі.

1999 жылы осы үлгілердің қолдану тәжірибесін әртүрлі құрылымдарда жалпылау және үкіметке нәтижелерін мәлімдеуге тиісті арнайы топ құрылған. Негізгі мақсат - жергілікті басқару органдарының өз қызметін бағалауына көзқарасын өзгерту және олардың назарын жұмыстағы жаңа құндылықтарды ұғынуға және дамытуға шоғырландыру :

- тұтынушыларға бағытталу және ақырғы нәтижелер ;

- әрқашанда өз ісін ұштау және жаңалышылдық енгізу;

- шешім қабылдауға қызметкерлерді араластыру;

- ақпаратты талдау негізінде процесстерді басқару;

- стратегиялық көзқарас;

- ішкі бөлімшелер, сондай ақ сыртқы ұйымдар арасында серіктестіктің дамуы;

- ұзақ уақыттық жоспарлау;

- жұмыс нәтижесіне ұжымдық жауаптылық, уақыт факторын есепке алу.

Қолданылатын сапа үлгілерін жақсылап қарастырайық. «Жұмыста басымдық» үлгісі басқару сапаларын қарастыратын Европа қорымен дайындалған. Ол эмпирикалық негізде 10 жыл ішінде жасалған. Жергілікті мекемелер әрекетін және жаңа құндылықтарды ендіру нәтижелілігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін тоғыз элемент (критерийлер) ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, ұйымның іс-әрекеті (мүмкіншіліктері) және оның жұмысы нәтижесінде не алынғандығы зерттеледі. Негізгі критерийлердің өзара байланысы 2 суретте көрсетілген.

Осылайша, « жұмыста басымдыққа » жету үшін тұтынушыларға, сондай ақ қызметкерлер мен бүтін қоғам үшін нәтижелерге жету қажет. Оны саясат пен стратегияны құруды, қызметкерлерді, ресурстар мен процесстерді басқаруды қамтамасыз ететін, серіктестік қатынасты орнататын басшылық арқылы жүзеге асыру мүмкін. Бұл үлгіні жергілікті ұйымдардың іс-әрекетін тексеруде қолдану олардың басым және әлсіз жақтарын, жақсартуды талап ететін сфераларын анықтауға және қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол қызметер сапасы мен жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуда маңызды өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туғызады, приоритеттерді анықтауға көмектеседі және басқа ұйымдармен салыстыруға

негізқалайды.1,2


1 сурет «Жұмыста басымдық» үлгісі

Қорыта келе, «Жұмыста басымдық» үлгісін қолдану өкіметтің жергілікті органдарына «Жақсы құндылықтар» концепциясын іске асыруға қол жеткізеді. Қоғамдық қызмет көрсеткендегі даму және стратегиялық мақсаттар мүмкіншілігі байланысын күшейтіп, тұтынушыларға назар шоғырландыруға, жақсартуды талап ететін аймақтарды анықтауға, қойылған мақсаттардың орындалуын мінездемелейтін көрсеткіштерді жасауға, ұйым іс-әрекетін мониторингілеуге, жаңартулар мен қызметкерлерді оқытуды қолдауға, өзін-өзі бағалау негізіндегі өзгерістер енгізудегі жауаптылықты жоғарылатуға мүмкіндік береді .