Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 1 из 19)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ............................................................................................................ 2
1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........ 4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)..................................................... 8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19
2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР..................................................................................... 24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі................................................... 24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы........................................................................... 26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі......................................................................... 32
3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.... 39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары………………………………………………………………… 39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................ 42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 54
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 56
ҚОСЫМША 58

КІРІСПЕ

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.

Президенттің 2007 жылғы Қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » жолдауында мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі - халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жылдамдатылған әкімшілік реформа жүргізу керектігі көрсетіледі. « Біз мемлекеттік басқарудың бірлескен басқару принципіндегі қоғамға ашық сапалы жаңа үлгісін жасаймыз. Біздің мақсат - Үкіметті жаңарту , жоғары сапалы мемлекеттік қызмет және нәтижелі басқару құрылымдарын құру. Олар мемлекеттік қызметтердің негізгі тұтынушылары - барлық азаматтар мен кәсіпкерліктердің талаптарына бағынуы тиіс».

Осыған байланысты, мемлекеттік басқару жүйесін толық жетілдіру проблемасын зерттеу - стратегиялық мақсаттардың орындалуының табысты факторларының бірі болып табылады.

Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:

-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;

-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;

-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;

-тәуелсіздендіру процесі, әсіресе экономикалық, халық шаруашылығы бұтақтарының жаңа республикалық топтастыруын жасаумен бірге жүреді. Ол аймақтарда өндірісті қадағалауға және осы негізде халық шаруашылығында тұрақты өндіріс байланыстарын орнатуға, макроэкономиканың үйлесімді құрылымын жоспарлауға көмектеседі;

-нарықтық механизмдер - өзегі аймақтық басқару болып келетін экономикалық машина моторы болып келеді.

Бұл жағдайда аймақтық басқару проблемасы жергілікті өкімет органдарының ғылыми - негізделген Концепциясының жұмыс жасауын қарастыратын жан-жақты терең теориялық ұғынуын талап етеді.

Зерттеу объектісі - аймақтық басқару жүйесі. Зерттеуге арқау - аймақтық басқарудың жаңа түрлері мен әдістерін жасау. 1,2

Қойылған мақсатққа жету үшін келесі шаралар қолданылды:

- аймақтық басқарудың теориясын және халықаралық тәжірибесін талдау;

- аймақтық басқаруға жүйелі түрде жақын келу, зерттеу;

- жергілікті мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын зерттеу;

- жергілікті өкімет органдарының нәтижелілігін бағалау жолдарын анықтау;

- аймақтық басқару жаңа түрлері мен әдістерін суреттеу және талдау;

- аймақтық басқару нәтижелілігін Шығыс - Қазақстан облысының үлгісінде бағалау.

Осы проблеманы өңдеу библиографиялық және экономика - статистикалық талдау негізінде жүзеге асады. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың бірқатар маңызды жұмыстарының проблемаларын талдау олардың академизмі туралы және практикалық бағыттылығының жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген авторлардың пайымдауынша, бұл облыста ғылыми - методологиялық база жасау және ғылыми зерттеулер мемлекеттік басқарудың нәтижелілігін жоғарылатуда әсерлі болады.

Бұл көзқараста, осы курстық жұмыс сөзсіз өзекті, жаңа және практикалық бағытты болады.


1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде

Мемлекетті дамуытуда аймақтардың және олардың өкімет органдарының ролін жоғарылату - маңызы зор дүниежүзілік тенденция болып келеді. Ол (тенденция) бірнеше жағдайлармен ескертілген:

- шешуші роль өмірдің әлеуметтік аспектілеріне, адамдық факторларға нықталып келеді;

- өзара территориялық байланыстың маңызы өсіп келеді;

- еңбек қорларының мобильділігі жоғарылайды;

- аймақтың өндіріс құрылымы және инфражүйесі күрделенеді;

- еңбектің территориялық бөлінуі тереңдетіліп, оның халықаралық аспектісінің маңызы жоғарылап барады.

Бұл тенденцияның дамуы біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасындағы басқару функцияларын лайықты қайта бөлуге және, екіншіден , мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды үйлесімді үйлестіру қажеттілігіне әкеледі.

Бұл мінезде Қазақстанға лайық. Себебі, республикамызда мемлекеттікті жасау экономикалық дамыған аймақтарсыз, тармақты әлеуметтік инфражүйесіз мүмкін емес.

Аймақтық басқарудың методологиялық аспектілерін қарастыра отырып, арнайы сөздікті анықтап алу маңызды. Ең алдымен « аймақ »ұғымын.

Шетелдік және біздің ғылыми әдебиетте аймақтық ғылымның анық анықтамасы жоқ.Бұл сөзсіз, Қазақстанда және шет елдердегі аймақтық зерттеулер бағыттарының және методологиялық концепциялардың әр алуандығы себептерінен. Мысалы, «аймақ» ұғымының жүзден аса түсіндірулері бар. Экономикалық әдебиетте барлығынан жиірек аймақтың екі ұғымы кездеседі. «Аймақ» және «аудан» ұғымдарының арасында жиі теңдік белгісі қойылады. Міне осыдан да ұғым анықтамасы екі жақты. «аймақ». Осылай, Кожурин Ф. «аймақтық басқаруды толық жетілдіру» кітапшасында «біріншіден, аймақ ұғымында елдің георгафиялық шарттармен ерекшеленетін табиғи мамандандырылған бөлігін түсіндіреді. Бұл аудандар өндіріс – техникалық, дәл осылай экономикалық жағынан салыстырмалы тұйық болып келеді. Екінші ұғым, елдің әкімшілік бөлу бірлігі: облыс, қала» көрсетеді.

Аймақтық экономика облысындағы белгілі маман Некрасов Н. «өзін-өзі басқару», яғни әкімшілік - территориялық бөлу категориясын назарға қабылдамай, аймақты әлеуметтік - экономикалық позициядан анықтап қарайды. «Аймақ астында елдің ірі аумағы, біршама біркелкі табиғи шарттармен, ал ең алдымен өндіріс күштерінің дамуы мінездемелі бағыттылығымен және перспективалы әлеуметтік инфражүйемен ерекшеленеді» - деп, Некрасов Н. белгілеп қояды.