Смекни!
smekni.com

Коррупция 7 (стр. 14 из 18)

4 –тақырып

Жеке меншіктің, таптардың және мемлекеттердің шығуы.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі қосымша өнімнің пайда болуы.

2. Мемлекеттің пайда болуы.

Пайдаланатын әдебиеттер.

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990г.

3. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.

4. Всемирная история в 24-х томах, Век железа/А.Н.Бадак и др. Минск, М.,2000

5. Майкл Кремо, Ричард Томпсон. Неизвестная история человечества. М.,1999

Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмүны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді.

Буржуазиялық ғылымда адамзаттың өз табиғатына топ болып келеді-міс делінетін, таптық қоғамның осы институттарының «табиғи» тегінің теориясы кеңінен тарап отыр. Мұндай көзқарасты жақтаушылар жеке қаруларға, киімзаттары, әшекейлерге ру қауымы мүшелерінің жеке бас меншігін жеке меншіктік деп, ал мемлекеттік өкіметті — рулық өзін-өзі басқару органдарында, немесе патриархалдық теорияға сәйкес семья басшыларының билеп-төстеуінде, деп қарастырды. Сонымен бүл теория жеке меншіктік таптар мен мемлекет алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырағанда ғана туды, демек уақыт жағынан тарихи шарттасқан, шектелген сипаты болады деген марксистік қағидаға қарсы шығады. Сондай-ақ «күштеу теориясы да» бар, мұны жақтаушылар (австриялық право тарихшысы Гумплевич, Каутский, Кунов, Р. Люксембург) таптар мен мемлекет үстемдік етуші тап құрап, өз үстемдігін нығайту үшін мемлекеттік өкімет ортақдарын құрған бір тайпалардың екінші тайпаларды жаулап алуларынан туды деп санайды. Бұл теория да дұрыс емес, өйткені таптар мен мемлекеттің қалыптасу процесінің негізіне, ең алдымен ішкі әлеуметтік-экономикалық факторлар алынған, ал жаулап алулар сияқты сыртқы факторлар бұл процесті жеделдете түсетін ғана еді.

Еңбек өнімділігінің өсуі өндірістің жеке даралануы мен артық өнімнің пайда болуына жол ашты, бір адамның өндірген артық өнімін екінші адамның иеленуіне мүмкіидік берді. Сонымен қатар өсіп отырған өнімділік пен еңбектің коғамдық бөлінісі айырбас үшін арнаулы өнім шығаруды мүмкін етті, товар өндірісі тұрақты айырбас пен бөгделеу практикасын жасады. Еркін бөгделенетін жеке меншіктік осылай туа бастады, бұл маңдай алды рулық құрылыс дәуірінің жеке бас меншігінен, ең адымен, қанау қатынастарына жол ашатындығы арқылы көзге тү-сетін, «мұның негізінде,- деп жазды.

5-6- тақырып

Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырау дәуірінің рухани мәдениеті

Қарастырылатын мәселелер:

1. Қоғамдық сананың эволюциясы Рационалдық білімдер.

2. Жазудың пайда болуы.

3. Өнер Дін және мифология.

4. Құпия одақтар және ата-баба рухына табыну.

Пайдаланытын әдебиеттер:

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

3. Кнышенко Ю.П. История первобытного общества. Издательство Ростовского университета. Ростов на Дону 1973.

4. История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.

5. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.

6. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.

Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт қаулаған экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерінің одан әрі өсуіне жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе, ирригация егікшілігінің дамуы календарьды, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Егерде меланезийлінтер жұлдыздар мен планеталарды айырудан ары бармаса, енді полинезийліктерге көптеген жұлдыз шоқтары мен жекелеген жұлдыздар болды. Алғашқы календарьлар әдетте айлық календарьлар еді, бірақ айлық жыл күндік жылмен сай келмеді, бұл дай математикалық білімдердің дамуына түрткі салды. Бұндай басқа еселтеу жүйесін жетілдіруге жол ашқан айырбастың дамуы және жеке егіншіліктің тууы геометриялық есептеп шығару ісін өрістетті. Рудалық металдарды балқытудың дамуымен химия негіздері туды. Тонаушылық соғыстардың дамуымен байланысты құрылықтық және теңіздік жорықтар сол бір астрономиялық байқауларда жинауға, сондай-ақ география мен картографиялық дамуына жол ашты. Полинезиліктер өздерінің ұзаққа созыған теңіздік жорықтары кезінде аралдарды теңіз жолдарын, ағыстар мен желдердің бағыттарын бейнелейтін таяқшалардан және тастардан жасалған карталарды пайдаланды біршама, мәселен, зақымданған қол аяқты ампутациялай алатын хирургияны дамытудың да өз ролін жаман атқармады. Халықтың есуі мен мал шаруашылығының дамуы эпидемияның қауіп қатерін арттырды;

онымен күресе отырып, алғашқы тұрмыс заттық медицина, кей жариярде, мәселен, Шығыс Африкада сырқаттарды әлсіретіп формалардың тұрпайы сақтық егулеріне эмпирикалық жолымен келді.

Қорғаныс құрылыстарын және мыңдаған жылдарға есептелген лақатқана — дольмендерді, салу өкердің жаңа турінің — монументальды тас архитектураның негізін қалады.

Егіншіліктер жекелегеи қолөнері ісімерлік өнерінің тамаша гүлденуімен қосарланды.

Әскери-тайпалық ақ сүйектердің қажеттері үшін зергерлік безенгіштер, қымбат қарулар ыдыстар киім- кешектер жасалы бастады. Осыған байланысты торевтика — көркемдік мәнерлеу, қию, металл бұйымдарды өрнектеу, сондай-ақ эмальды, сүйек, мүйіз, перламутра, асыл тастар, тағы басқаларды ойынан жасау ісін қолдану кеңінен таралды. Металды көркемдеп өңдеудің бастапқы кезең солтүстік-батыс үнділерінің мыс пластинкалардағы шебер қақталған және гравирлермен ең төзімдік белгілерінде бейнеленде.

7-8-тақырып

Алғашқы тұрмытсық қоғамның ыдырау дәуірінің этникалық процесстері

Қарастырылатын мәселелер:

1. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау дәуіріндегі демографиялық және этникалық жағдай.

2. Ойкумена-ны қайта құру әдісі және этностардың таралып қоныстану

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

3. Кнышенко Ю.П. История первобытного общества. Издательство

Ростовского университета. Ростов на Дону 1973.

4. История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.

5. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.

6. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.

Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық орталықтық формасы тайпа болды, мұның мүшелері, ру мүшелері сияқты, қандас-туыстық байланыстармеи бірікті. Рулық қауымнан көршілік қауымға ауысу процесінде бұл байланыстар нашарлап үзіле бастады. Өзінің құрамында тайпаның қандас-туыстық ортақтығын ыдыратып жайып жіберген тайпалық одақтардың құралуы да осы бағытта әрекет етті. Оның кеңінен қолданылған құлдарды еркіндікке жіберу, еркіндегілер мен қул араларында некелесу және көңілдес ретінде күңдерді пайдалану жағы бар тұрпайы құл иеленудің дамуы тайпа ішінде этникалык араласу процесін күшейте түсті, халықтардың орын алмасуымен қосарланған соғыстардың дамуы және жаулап алулар тайлалардың бірімен-бірінің араласуын күшейті. Тайпалық эндогамия норма болудан калды. Тайпалық құрылыс әлі де қарсылық көрсетіп бақты: бөгде біреулер иеленетін болды.