Айталық, айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Мұғалім өз өлеңдерінде бұрын-соңды қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қайталамай, өзіндік ерекшелікпен жаңа пішінді, соны мағыналы эпитеттерді қолданған, тудырған. Мысалы:
Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға
/Бұзылған үй/
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
/Арым, міне, сүттей аппақ/
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
/Қап-қара түн/
Ақ қайыңдар, тал теректер… алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жамыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
/Тағы да күз/
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар
/Нені аңсаймын/
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде.
/Есіңе мені алғайсың/
Талас жоқ бұл эпитеттер өлеңдерге тың ажар беріп тұр. Осы өлеңдердегі «Тәкаппар таулар», салқын жайлау «қандай әсерлі?, өлеңге айқын мағына бітірген, сөздегі суретті дәлдеп, ойдың ықпалын күшейткен. Біз биік тау, аласа тау немесе жасыл жайлауды білуші едік, мұндағы ақынның қолданған тіркесі өте әсерлі шыққан.
Жаутаңдаған жанар, жасыл алқап, жасыл оран, жақұт гүл, паң дала, ақ бас таулар және т.б. әрқайсысы ақынның асқақ жыры. Су жаңа нұсқалылықты эпитет көлегейлеп көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр, тіпті әр эпитет өзі тұрған жерге не сұлу сипат, не соны сыр дарытқан. Оқырманның көз алдында терең мағына бітіріп, бір шумаққа бір құшақ мазмұн берген.
Ақындар поэзияда өз ойының әсемдігі үшін емес, әсерлілігі үшін құбылту тәсілін яғни троп түрлерін қолданады. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрама мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті керделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Әдеби тілдің құдылыстаудың, ажарлаудың алғашқы, ең қарапайым түрі.
Мұғалім өлеңдерінде суретші қолындағы бояу секілді, шіні тауып оның құбылта білген. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытуға, сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байыта түсіп, оны түрлеңдеп құбылту арқылы тіршіліктің сан-алуан сырын тануға септігін тигізеді.
Құдылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яғни метафора. Ақын өлеңдерінің мәні өңдерінде өзгертіп айтып суреттеп отырған затты не құбылысты айқындап, ажарлы, көрікті, әсерлі шығу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа былай отырып, суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету арқылы әсерін күшейте қолданған.
Мақатаев поэзиясы атан түйенінің жүйесі көтерген бір ғана тақырып төңірегіне тоқтасқан. Ол адам мен заман, туған халқының тағдыры мен тарихы зерделей зерттеп, тереңнен толғап жазуға өлеңін де өзін де қатар бағыштаған ақиық ақынның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында өз жыр күмбезін - өмірлік ескерткішін өз қолынан орнатып кеткен ұлы перзентіміз, ұлы ақынымыз екені уақыт сынынан өткен тарихи шындық. Халқының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен боздақтардың кесек тұлғалы образдарын өрнектей отырып, ақын Райымбек сынды халық барының ел алдындағы азаматтық борышын адал арындауының ұлтымыз үшін қаншалықты мәртебе екенін еске салады. Сөйтіп, ерлік дастанында елдің нағыз халықтың мақтанышы марапатталып, оның жас ұрпақтың өмірінде жалғасын табуын діттеген арман – тілегін айдай әлемге айғақтап тұр. Бір сөзбен тұжырымдар болсақ, аталмыш поэма – дәуірлік шығарма. Мақатаев жоңғар шапқыншылығы жөніндегі шығармасында қазақ қауымын осы тарихи шайқас – қилы кезеңнің жаңа қырын ашты.
Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.
Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.
Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.
Қазақ халқының бір ғана Абай болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талан, жыр жампозы Мұқағалиды ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.
<!--[if !supportLists]-->1. Шыққан «Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег.Қаз. 1996-9 ақпан/<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->2. Қаулынбайұлы Т. «Болашаққа аттанған жырлар» /М.М. өлеңдеріндегі имандылық иірімдері/ Қазақ елі – 1998-6 наурыз<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->3. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қаз мұғалімі 1998-2 наурыз<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->4. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қазақ елі 1998-6 наурыз<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->5. М.Мақатаев «Ажал алдында тұрғандаймын» Ақиық ақын Мақатаевтың 1874 жылы ҚКОП Оп.Ком 1 – хатшысы Д.А.Қонаевқа жазған хаты. Егемен Қазақстан 1998 -30 қаңтар, 1795, 1931 – 37<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->6. М.Мақатаев «Кешірген қала» Жас Алаш 1998-10 ақпан<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->7. Асылбекова А. «Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой және Мұқағалиды еске түсіру» Егемен Қазақстан, 1998-7 ақпан<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->8. Сүгіров С. «Хан тәңірдей асқақ туған піріміз немесе ақын рухымен сырласу» Алматы ақшамы, 1998-4 ақпан<!--[endif]-->