Смекни!
smekni.com

Е бека ыны бухгалтерлік есебін йымдастыруды жетілдіру жолдары (стр. 8 из 8)

Кесте-3. Еңбекақы есептеу бойынша счеттар корреспонденциясы:

Операциялар мазмұны Счеттар корреспонденциясы

дебет

кредит

Еңбекақы есептеу

1620;2920;

7110;8111

3350
Жеке табыс салығын ұстау 3350 3120
Зейнеткерлік жинақтау қорына міндетті түрде аудару ұшін ұсталған зейнеткерлік жарналар 3350 3220
Еңбеккерлердің карт шотына аударылған, және кассадан алынған еңбекақы сомасы 3350

1030,1010

Сот шешімі бойынша жауапты тұлғалардың артық жұмасаған шығындары және т.б. еңбекақыдан ұсталған сомалар 3350

3390,3540

Келтірілген шығынды қалпына келтіру, артық жұмсаған жауапты тұлғалардың қаржысын қайтару үщін еңбек ақыдан ұсталған сомалар 3350

1250,2150,6160,6280

Кассадан әкімшілдік персоналдарға еңбекақы берілді 3350 1010
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді: -негізге өндіріс жұмысшыларына; -қосалқы өндіріс жұмысшыларына; -цехтың қызметкерлеріне; -кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне; -маркетинг бөлімінің, басқа да тауарларды сатумен айналысатын жұмыскерлерге 8112 8312 8412 7440 7110 3350 3350 3350 3350 3350
Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер 7210 3390
Есептелген әлеуметтік салық сомасы

7210,8112

3150

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде еңбекақы экономиканың категория ретінде жүмыскерлердің өндірісте жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес олардың жекелей тұтынуына келіп түсетін қажетті табыстың ақшалай көрінісі. Басқаша айтқанда, еңбекақы жұмыскерлердің жасаған еңбегіне алатын ақысы. Ол еңбектің құны немесе бағасы болып табылады. Біздің елімізде еңбекақы төлеуді жетілдірудің барлық жолдарын қарастыруымыз керек. Ең бастысы есептеудің қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу.Сонымен қатар өндірітер еңбек өнімділігін және өнім сапалығын көтеру үшін жәрдемақыларды, үстемелерді, жеңілдіктерді сондай-ақ бірдей лауазымды тұлғаларды аттестациядан өткізу жоғары нәтижелерге әкеледі.

Еңбекақының функциялары:

1. Ұдайы өндірістік функция.

2. Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді.

3. Ынталандырушы функция.

4. Жұмыс нәтижесіне қызығушылықты көтеруге бағытталған.

5. Есепті-өндірістік функция.

Өндіріс процесіне адам еңбегінің қатыму мөлшерін қамтамасыз етеді.

Еңбекақы төлеу кезінде келесі қағидаларға көңіл аударылады.

1. Еңбек нәтижесінде материалдық қызығушылық.

2. Еңбек саны сапасы мен шартына байланысты дифференциялау (әрі тараптандыру).

3. Еңбек өнімділігін деңгейі, еңбекақы деңгейімен өсуі.

4. Мемлекеттік реттеу және кәсіпорынның дербестігі.

ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес оның мөлшері 21%-дан 20%-ға дейін төмендеді. Президенттің ҚР үкіміндегі жолдауында 1.07.2005 жылы қосылған салығы 16 пайыздан 15 пайызға, ал әлеуметтік салық 20%-ға төмендеді. Бұл адал жалақы беруге жол береді. Жеке кәсіпкерлер салықты 3 айлық есеп көрсеткіші плюс жұмысшының 2 айлық есеп көрсеткішімен анықталады.

Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі өзіне: тарифтік ставкаларды (айлық ақы), тарифтік торды, тарифтік коэффициенті қосады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі оларды тарифтеу негізінде айқындалады. Жұмыстарды тарифтеу және қызметкерлердің тарифтік разрядтарды тағайындау жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біртұтас тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылық қызметтің, мамандардың және қызметкерлердің біртұтас біліктілік анықтамалығын ескере отырып жүргізеді. Аталған анықтамалар мен оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпке бекітіледі.

Еңбек кодексімен көзделген орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі.

Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

Осы курстық жұмысымда еңбекақы туралы толығымен ашып көрсеттім деп ойлаймын.

Еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерімен айқын таныстық.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

1. ҚР Президентінің 2030 жолдауы

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы -2008 ж

3. Салық кодексі. 2008

4. Азаматтық кодексі. 2008

5. Мырзалиев Б.С., Сәтмурзаев А.А., Эбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Алматы:Экономика 2008ж

6. Баймуханова С.Б., «Қаржылық есеп» Алматы:Экономика 2007ж

7. Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бахгалтерлік есеп» Алматы,Экономика 2006ж

8. Баймуханова С.Б., « Бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика 2005ж

9. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы, Экономика 2006ж

10. Эбдімаханов Ә., «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» Алматы,2006ж

11. Ф.С. Сейдахметов. «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп». Алматы 2008

12. Сайдахметова Ф.С., «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы, LEM баспасы,2008 ж

13. Г.К. Төлешова. «Дамыған қаржылық есеп» . Алматы 2005 ж

14. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С., «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» Алматы 2006ж

15. С.М. Мұхамбетова және А.Н. Нұрзақова. «Ұлттық есептер жүйесі». Алматы 2007ж