Смекни!
smekni.com

Е бека ыны бухгалтерлік есебін йымдастыруды жетілдіру жолдары (стр. 1 из 8)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.....................................................................................................3-4

1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны.......................................................5-10

1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері............................................................10-14

1.3 Еңбекақы ұйымдастырудағы шет ел тәжірибесі............................14-16

2. Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың

жетілдіру жолдары

2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі...17-20

2.2 Еңбекақыдан ұсталымдар және шегеру сомалар есебі....................21-22

2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі...........23-24

Қорытынды..............................................................................................25-26

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................28

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.

Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

Мемлекет Басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауына сәйкес 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары орта шамамен 30%-ға жоғарылады.

Бұдан басқа, Еңбек кодексіне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге жыл сайын төленетін еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде белгіленді және жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына шығар кезде емделуге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілді.

Мұнымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын іске асыруда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге жеткізу мақсатында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға жоғарылады, және де 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 14 952 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің (одан әрі – Кодекс) 10-бабына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартының құрамы Кодекспен анықталған, оның міндетті кағидаларының бірі болып еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттарының көрсетілуі саналады.

Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері:

1. Өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.

2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.

3. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.

4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.

5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.

6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.

7. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есеп беру.

Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану.

3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану.

4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономикада еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық аспектілерді жалпылау, ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ қызметкерлермен есеп айырысу жолдарын анықтау. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер орындалады:

- Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- Қызметкерлермен есеп айырысу есебі;

- Еңбекақыны төлеудің жетілдіру жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі кездегі кәсіпорындардағы еңбек ақыны төлеудіңақы жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде – курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері туралы жазылған. Бірінші бөлімінде еңбек ақы түрлері, жүйесі, нысаны, есептеу тәртіптері, ұсталынатын ұсталымдары туралы талқыланған. Екінші бөлімде Қызметкерлермен есеп айырысу туралы айтылған.

1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Жалақы екі түрге бөлінеді:

- негізгі;

- қосымша.

Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Оның құрамына:

- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;

- қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;

- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;

- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар.

- мерзмінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

- жұмысшының кінәсі жоқ тыс жағдайда тұрып қалуға төленетін төлемдер.

Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

- балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;