Смекни!
smekni.com

Е бек нары ы ж не оны теориялы м ні (стр. 4 из 5)

Жұмыспен қамту мәселелерін шешуге, еңбек рыногындағы шиеленістікті төмендету және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету үшін одан әрі жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленді, оның мақсаты – тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапалы параметрлерін жоғарылату.

Бағдарлама жобасында мынадай негізгі басымдықтар белгіленген:

еңбек ресурстарын дамыту;

халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

жұмыссыздық деңгейінің еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін процестерге қауіп төндірмейтін параметрлерге дейін төмендету.

Бағдарламаның негізгі бағыттрары және оны іске асыру теігі:

1. Экономика салаларында жұмыс орындарын қайта құру;

2. Жұмыскүшіне сұраныс және ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар;

3. Халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарынң жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;

5. Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру;

6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;

7. Жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру жөніндегі шаралар;

8. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдылығмен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру ;

9. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу;

10. Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалал бойынша 2005-2007 жылдар кезеңінде құрылатын жұмыс орындарының саны

(жұмыс орындары)

Экономика саларының атауы жылдар Жиыны
2005 2006 2007
1 2 3 4 5 6
1 Өнеркәсіп 3786 6585 5219 15590
2 Құрылыс 10404 18948 18948 48300
3 Көлік 11204 11451 11976 34631
4 Ауыл шаруашылығы 16012 1718 488 18218
5 Шағын және орта бизнес 100000 100000 200000
6 Денсаулық сақтау 52 1010 1062
7 Білім беру 897 1296 253 2446
8 Мәдениет 217 133 133 483
9 Туризм 540000 540000
10 Спорт 1529 1829 1242 4600
11 Басқа салалар 20930 15873 8 36811
Республика бойынша 705031 158843 38267 902141

Сонымен қатар Министрлік «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуде.

Еңбек рыногы жағдайының мониторингі үшін республикада, облыстар, қалалар мен аудандар тұрғысынан жұмыс күшіне тіркелген сұраныс пен ұсынысты көрсететін деректер базасы жұмыс істейді. Талдау, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс күшіне сұраныстың, ұсыныс сапасының және кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбекке жұмылуының төмендігі себебінде оның жергілікті еңбек рыногындағы тапшылығымен бірге жеткілікті екенін көрсетеді. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос жұмыс орындарының банкі 15-17 мың бірлік құрайды.

Министрлік жұмыс күшіне сұраныс мониторингі мен экономиканың мамандарға болжамды қажеттілігін белгілеу тәртібі туралы үлгі ереженің жобасын әзірлеген, ол облыстар, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдеріне қолдану үшін ұсынылды.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау үшін өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қажет мамандықтар тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингі жүргізілуде.

Бұдан басқа, аталған Стратегияны іске асыру үшін мемлекеттік және жеке сектордың қатысуымен Жұмысшылар мен техникалық мамандарды кәсіптік даярлау, атестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын орталықтар туралы ереженің жобасы әзірленуде, оларды еліміздің өңірлерінде құру көзделіп отыр.

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп дамудың әкімшілік-аумақтық бірліктерде қолданылатын, жоғары және орта әлеуетіне ие ауылды жерлер тұрғысынан, өнеркәсіптегі, көліктегі және экономиканың басқа да салаларындағы ауылшаруашылық-кәсіпорындарының 2006 жылға дейінгі кезеңге жұмыс күшіне қажеттілігін белгілеу жөнінде жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны іске асыру жұмыспен қамту саясатының белсенді шараларын (жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту) жүргізумен қамтамасыз етіледі. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен үстіміздегі жылдың алты айында 79,7 мың адам немесе өтінішпен келген адамдар жалпы санының, өткен жылғы тиісті күндегі 45,7% салыстырғанда – 52,3% жұмысқа орналасты.

Қоғамдық жұмыстарға 82,9 мың адам қатысты, 15,6 мың жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға, қайта даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберілді.

Облыстар әкімдерінің деректері бойынша осы жылдың алты айында елімізде 116,8 мың жұмыс орыны құрылды, олардың: 74,4 мыңы тұрақты. Өнеркәсіп және құрылыс салаларында жұмыс күші қосылды.

Еңбек рыногында хылықтың жұмыспен қамтылуының кеңеюі халықтың, атап айтқанда, көмекші шаруашылық немесе жеке қоналқа үй жүргізу дамыған ауылды жерлерде өзін өзі жұмыспен қамту есебінен жүзеге асырылады.

(Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2004 жылғы бірінші тоқсанда экономикалық белсенді халықтың саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 млн. адамға өсті және 7,7 млн. адам болды. Республиканың экономикасында 7,0 млн. адам жұмыспен қамтылды (2003 жылғы бірінші тоқсанда – 6,5 млн. адам). Халықты жұмыспен қамту деңгейі 91,1% жетті. 2004 жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13,5 мың адамға азайды және 685,8 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы бірінші тоқсандағы – 9,7% қарағанда 8,9% дейін төмендеді).

Заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау және ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде арнайы шаралар қабылдануда. Министрлік жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота жобасын әзірлейді, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Үстіміздегі жылы квота экономикалық белсенді халықтың 0,21% мөлшерінде белгіленді. Бұл еңбекші-мигранттарды іргелес облыстардағы ауыл шаруашылық жұмыстарына тартумен байланысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 147 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 524-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес тиісті әкімшілік бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру функциялары 2004 жылғы 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарға берілді.